ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы аясында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) Қазақстан бойынша 2050 жылға дейін ұзақмерзімді демографиялық болжам дайындады. Статистикалық деректер мен модельдеу негізінде сарапшылар 2030 жылға қарай жұмыс күшінің саны 9,7 млн адамға жетіп, 2040 жылы бұл көрсеткіш 10,7 миллионды құрайды, ал 2050 жылға қарай 11,4 миллионға дейін өседі деп есептейді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
10 Тамыз, 2021 11:06