Шығыстың жарық жұлдызы – Шоқан Уәлиханов
Биыл көрнекті ғалым, саяхатшы, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 185 жыл толып отыр. Қазақ жері Патша үкіметіне кіріптар болған уақытта жергілікті халықтың ішінен еуропалық біліммен сусындаған, шығыс тілдерін жетік меңгерген, халықтың ауыз әдебиетінен нәр алған, шығыс өркениеті мен әлемін жаңа биікке көтерген ғалым шықты. Қазіргі зерттеушілер Шоқан Уәлихановты тарихшы, фольклортанушы, ағартушы-демократ ретінде танып, еңбектерін жариялап жатады. Біз ғалымның шығыстанушы ретіндегі қырын қарастырып көруді жөн санадық.
20 Шілде, 2020 10:21