Жас аналарға арналған отандық «SuperMoms club» жобасы әлемдік нарыққа шықпақ
Қазақстанда жүкті әйелдер мен балаларға медициналық қызмет көрсетудің сапасы артырру бағытында бірқатар шара қабылдануда. Десек те, 2019 жылғы ресми статистикаға сүйенсек, елімізде соңғы үш жылда сәби өлімі 3 есеге артқан. Осы орайда жуырда отандық және шетелдік нарыққа жол тартқан аналар мен жүкті әйелдерге арналған «SuperMoms club» жобасы жөнінде айтқан жөн. Жобаның негізін қалаушы Азат Хайрикенов пен құрылтайшысы Камилла Шунгаринаның сөзінше, бұл жобаның негізгі мақсаты - еліміздегі ғана емес, әлемдегі бала мен ана өлімін азайтуға өз үлестерін қосу. Олардың айтуынша, қазіргідей пандемия кезінде, медициналық орталықтардың жұмысы тоқтаған сәттерде мұндай бағыттағы қосымшаның маңызы зор. Өйткені платформа арқылы жас аналар мен жүкті әйелдер пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, сонымен қатар психолог мамандардан тегін кеңес ала алады. Бұдан бөлек ерлі-зайыпты жас кәсіпкерлер жоба туралы, қаржылық қиындықтары, қандай мамандардан кеңес алуға болатыны, қосымшаға қалай тіркелу керек, ерешеліктері мен артықшылықтары жөнінде Strategy2050.kz тілшісіне кеңінен әңгімелеп берді.
23 Қыркүйек, 2020 10:33