Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады
Бүгін үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 7 айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспорты туралы баяндады. Оның дерегінше, шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 23,4%-ға өсіп, 10,4 млрд. долларды құраған. Сондай-ақ, министр жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының қымбаттағанын тілге тиек етті. Оның мәліметінше, азық-түлік бағасы еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда оңтүстік өңірде қымбаттай түскен. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
14 Қыркүйек, 2021 09:55