Егжей-тегжейлі

«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері

«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері

Қазақта «Бірінші байлық – денсаулық» деген жақсы сөз бар. Адамның дені сау болса алға қойған мақсатына жетуде, еңбек етуде үлкен демеу болары сөзсіз. Сондықтан мемлекет тарапынан ел азаматтарының денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту сынды бағыттарда бағдарламалық кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Қазақстанда орталық органдардың мемлекеттік бағдарламасы, ал жергілікті атқарушы органдардың аумақты дамыту бағдарламалары бар. Уәкілетті органның қысқа мерзімді атқаруы жоспарлаған жұмыстарын көрсететін бұл бағдарламалық құжаттар әрбір институттың жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Бағдарламалық құжатта көрсетілген индикаторлардың орындалу деңгейіне қарап, құрылымның жұмысының тиімділігін бағалауға болады. Бұл мақалада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес жүргізілген медициналық білім беруді жаңғырту мәселесі қарастырылады. Бұл бағыттың өзектілігі –білім берудің сапасы медицина мамандарының да, саладағы қызметтің де сапасын айқындайды.

27 Қазан, 2021 14:44

Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі

Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі

Цифрландыру үрдісінің екпіні өмірдің барлық аспектілеріне, күнделікті қызмет пен тауардың құнына, оның жасалуы мен айырбасына, сонымен қатар біздің қарым-қатынасымызға, жұмысқа, сатып алу мен түрлі қызметтердің формасына әсер ететіні сөзсіз. Осы орайда деректердің тоқтаусыз ағыны мен олардың халықаралық алмасу жылдамдығы мемлекеттердің дамуы үшін маңызды бола түсті. Дегенмен осындайда цифрландыру деңгейіне байланысты елдер және олардың ішіндегі өңірлер арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар цифрлық теңсіздік пен алшақтықтың бар екендігін де анықтап береді. Сондықтан цифрлық деректерді аналитикаға айналдыру, кәсіпкерлікке пайдалану, оларды экономикалық және әлеуметтік даму үшін іске асыру мүмкіндігі кейбір елдер үшін шектеулі болып отыр. Сондықтан осы материалда ЮНКТАД ұйымының цифрлық экономика жөніндегі есебі, ЭЫДҰ-ның цифрлық экономика туралы болжамдары, IMD цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің негізгі қорытындылары мен ұсыныстарына шолу жасадық.

15 Қазан, 2021 17:42

Білім беру саласын цифрландырудың маңызы

Білім беру саласын цифрландырудың маңызы

Қазіргі уақытта әлемде орын алып жатқан төртінші өнеркәсіптік революция – қарқынды ақпарат ағыны мен жоғары технологиялық инновациялар өмірімізге сан қырлы жолмен ықпал етіп, осы өзгерістерге бейімделуді және жаңа шарттар жағдайында дами білуді талап етіп отыр. Осыдан ширек ғасыр бұрын атауы мен мазмұны көпшілікке бейтаныс болған цифрлық технологиялар бүгінде барлық салаға терең еніп, индивидтердің дағдыларын түрлендірді. Мемлекеттегі цифрландыру деңгейі мен оның азаматтарының мұндай технологиялар туралы сауаттылық көрсеткіші елдің әлемдік аренадағы бәсекелік қабілетін, халықтың әл‑ауқатын айқындайтын факторлардың қатарына енді. Осыған байланысты, цифрлық жүйе мен сауаттылықты дамыту барлық қоғамдар үшін өзекті мәселелердің біріне айналды.

10 Қазан, 2021 12:43

АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер

АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер

"Астана" халықаралық қаржы орталығы «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам" Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысында Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданып, АХҚО-ны Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптастыру мақсаты қойылды. АХҚО миссиясы өңірдің ұзақ мерзімде тұрақты дамуына ықпалдасу болып саналады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бір сөзінде «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алатынын» айтқан еді. АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыты тұйық циклді экономиканы, қаржы технологияларын және "цифрлық қаржы орталығын" дамытуға арналған.

8 Қазан, 2021 18:18

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) – тұрақты жұмыс істеп келе жатқан үкіметаралық және халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның негізгі мақсаттарына: мүше мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен тату көршілік қатынасты нығайту; өзара саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы, сондай-ақ білім беру, энергетика, көлік, туризм, қоршаған ортаны қорғау және басқа да салалардағы тиімді ынтымақтастығын қолдау; өңірде бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты бірлесіп қамтамасыз ету; демократиялық, әділ және ұтымды жаңа халықаралық саяси және экономикалық тәртіпті құруға ұмтылу іс-қимылдары жатады. Жиырма жылда ол консультативтік органнан беделді халықаралық ұйымға айналды. Оны ұсыну мен дамытуға Қазақстан тарапына үлкен үлес қосып келеді.

10 Қыркүйек, 2021 17:12

Діннің радикалдануы қоғамға төнген қатер

Діннің радикалдануы қоғамға төнген қатер

Діннің адамзат баласының өмірінде алатын орны айрықша. Әлемде сан мыңдаған діни сенім-наным, конфессия, дәстүрлі және әлемдік дін бар. Олардың пайда болуы, қоғамға ықпалы, ішкі канондары, өзара қарым-қатынасы, әлемдік және жергілікті саясатқа ықпалы, өзгелер тарапынан мойындалуы немесе танылуы бір-бірінен әрқилы және өзіндік айтарлықтай ерекшеліктері бар. Діннің адамды жақсылыққа, ізгілікке, бауырмалдыққа тәрбиелейтін тұстары өте көп. Алайда діннің канондарын өзінің теріс мақсатына пайдаланып, сананы теріс манипуляциялау арқылы елді, қоғамды адастыруға тырысатын және іс жүзінде үлкен зорлық-зомбылық жасауға дейін жеткізетін топтар немесе жекелеген адамдар бар. Біз де бүгінгі мақаламызда осы жайлы, яғни діни радикализм үрдістері және оның қоғамға зияны туралы қысқаша баяндайтын боламыз.

10 Қыркүйек, 2021 13:07

«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан

«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан

Қазақстанның дербес нарық экономикасын дамыту, демократиялық, құқықтық қоғам құру бағытында өзін тәуелсіз мемлекет қылып жариялауы қоғам мен мемлекет өмірінің конституциялық негіздерін жаңадан қалыптастыру қажеттігін туғызды. Егемендік декларациясынан бастап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, кейінгі Конституция мен оның реформасы құқықтық қоғам құрудың берік негізін қалап берді. Әлемдегі қал-ахуал мен әлеуметтік-экономикалық модернизацияға қарай заң-құқықтық нормалар да жетілдіріліп, заң үстемдігін орнату талпынысы артады. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттілік басқару жүйесінің жаңа деңгейінің қалыптасуындағы жаңа әлемдік тәртіпті ескере отырып, мемлекет, құқық және олардың арақатынасы туралы іргелі ұғымдар мен идеяларға деген қызығушылық арта береді.

13 Тамыз, 2021 11:37