Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді
Кеңеске Премьер-Министр С.Ахметов, Президент Әкімшілігінің Басшысы К.Мәсімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Әбдірахымов, Бас прокурор А.Дауылбаев, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов, Ақмола облысының әкімі Қ.Айтмұхаметов қатысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
27 Қараша, 2013 18:12