Ақтауда кәсіпкерлерге қаржы полицицейлері тексерген кезде қолданатын құқықтық ережелер түсіндірілді
2013 жылғы 20 қыркүйекте Ақтау қаласындағы «Grand Hotel Victory» қонақ үйінің мәжіліс залында Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлерге арнап «Кәсіпорын қызметін қаржы полициясы қызметкерлері тексерген кездегі менің құқығым» тақырыбында оқыту-үйрету семинарын өткізіп, оған шағын және орта бизнес өкілдері қатысты, деп Жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Қыркүйек, 2013 18:34