Алматы – Ыстық-көл автожолының қолайлы бағыты анықталды
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Қырғызстан Республикасына барған іс-сапары барысында, «Алматы-Ыстық көл» автомобиль жолының құрылысы жөнінде шешім қабылдады. Аталған тапсырманы орындау аясында, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті А.У. Мамин Қырғызстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі А.Д. Малабаевпен кездесу өткізді. Нәтижесінде, аталған жобаны жүзеге асыруға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ баспасөз қызметі.
14 Тамыз, 2015 18:36