2019 жылдан бастап мектептегі жаратылыстану пәндерінің екеуін ағылшын тілінде өту жоспарлануда
«Химия», «Физика», «Информатика», «Биология» жаратылыстану циклі 4 пәнінің екеуін жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту 2019 жылға жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату курстарынан өтуге қатысты баспасөз маслихатында айтылды.
12 Желтоқсан, 2017 18:09