Басты

Президенттің бес бастамасы

5 әлеуметтік бастама: Қол жеткізілген межелер 04 Қаңтар 14:34
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеу жариялады. Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастаманы жариялағаннан кейін бір апта ішінде Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып, нақты іс-шаралар мен оларды орындау мерзімдері егжей-тегжейлі қарастырылған Жол картасын әзірледі.Бүгінгі таңда Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, 6 іс-шара орындалған. Қалған 3 іс-шара ұзақ мерзімді кезеңде — 2019–2021 жылдары іске асырылады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.

Айдарлар
  • ИНФОГРАФИКА: 7-20-25 бағдарламасы бойынша несие алу 24 Желтоксан 14:52
  • 5 бастама: Шағын несие берудің қалалық жерлердегі көрсеткіші көңіл көншітпейді 21 Желтоксан 10:06 Жолдауда білім беру мен денсаулық сақтаудың сапасын арттырудың жүйелі шаралары да айтылғаны белгілі. Халықтың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсатта ауыз сумен қамту, қолжетімді баспана сияқты өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, түрлі елді-мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу бастамасы көтерілгенін де айта кеткен жөн. Мемлекет басшысы Жолдау мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» көрсетілген ауқымды әрі аса маңызды басымдықтардың жүзеге асырылу барысына бақылау жүргізу ісін «Нұр Отан» партиясына жүктегені белгілі. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясының өкілдері Елбасы Жолдауы мен 5 бастама бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, шешуді қажет ететін кейбір мәселелерге назар аударды.
  • ҚХА шағын және орта бизнестің дамуын жетілдіреді 20 Желтоксан 12:28 Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының форумында Ассамблея кәсіпкерлері бизнеске қатысты өздерінің 5 бастамасын ұсынды. Билік өкілдері бизнеске қатысты барлық бастамаларды заң жүзінде қолдауға дайын екендерін жеткізді.
  • Өңірлерде баспанамен қамту белсенді жүзеге асырылуда 19 Желтоксан 12:35 Өңірлерде «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлаған қазақстандықтардың қатары артып жатыр. Мәселен, талдықорғандықтар қоныс тойларын атап өтті. Қаланың Оңтүстік-Батыс ауданында 64 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа баспанаға ие болғандар қатарында мүгедектер, жетім балалар, көп балалы, толық емес отбасылар бар. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • ИНФОГРАФИКА: Баспана Хит бағдарламасы 27 Қараша 11:59
  • ИНФОГРАФИКА: 7-20-25 бағдарламасының жүзеге асырылуы 22 Қараша 9:06
  • 5 әлеуметтік бастама: Орындалған межелер 16 Қазан 12:46 5 наурызда жарияланған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқанын бірқатар спикер баяндап берді. Мәселен, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев әлеуметтік бағытына қарамастан «7-20-25» бағдарламасы ипотека екенін айтты. 5 бастаманың қайсысы бойынша межелер уақытылы іске асырылып жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Сенаторлар өңірлерде «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуымен танысты 25 Шілде 11:30 Орал қаласында Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаеваның қатысуымен балалар құқықтарын қорғау мәселелерін талқылнады. Сондай-ақ, сенаторлар Ақмола облысына жасаған сапары аясында «7-20-25» бағдарламасын іске асыру барысымен танысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алуға 148 өтініш қабылданды 20 Шілде 14:55 Президенттің 5 әлеуметтік бастамасында көрсетілген «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алуға құжат қабылданып жатыр. Осы уақытқа дейін азаматтардан 148 өтініш қабылданып, оның 95-іне иппотекалық несие беру мақұлданған. Рәсімделуге жіберілген өтініштердің жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрап отыр. Сондай ақ, индустриалдық аймақтардың дамуы, жұмыспен қамту, транзиттік жүк тасымалы да бүгінгі ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің баспасөз мәслихатында айтылды.
  • Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бекітілді 19 Маусым 12:46 «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілді.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика