Басты

Шолу

Латын қарпіне көшу 2025 жылға дейін жүзеге асады - сарапшы 28 Наурыз 11:36
2025 жылдан бастап әліпбиіміз латын қарпіне көшеді. Осыған орай Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы Айнұр Сейітбекова қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы Strategy2050.kz сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді.

Айдарлар
  • Зиялы қауым: Елбасы Түркістанның жаңа дәуірін бастады 22 Наурыз 14:27 Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттілігін тоқтататынын жария еткені ешкімді де бей-жәй қалдырмады. Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері Тұңғыш Президент жайында өз пікірлерін білдірді.
  • Дәурен Абаев: Журналистің аккредитациясын ешкім тартып алмайды 20 Ақпан 18:16 Кеше ғана ҚР Премьер-министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет үйіндегі мәжілісте «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы жайында баяндаған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев бүгін «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Алқа отырысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев қатысты.
  • Жыл сайын тұрғын үй құрылысына 200 млрд теңге бөлінеді 17 Қаңтар 17:41 2018 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 12,1%-ға артты. Жеке тұрғын үй құрылысына инвестиция 459 млрд теңгені, көппәтерлі тұрғын үй құрылысына — 702 млрд теңгені құрады. Жеке инвестициялар есебінен 5,7 млн м² немесе 39 мыңнан астам жеке тұрғын үй, сондай-ақ 6,8 млн м² немесе 74 мыңнан астам көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйді пайдалануға берудің арту деңгейі республиканың барлық өңірлерінде байқалады.
  • Ғылыми жаңалықты құқықтық қорғау Қазақстанда қалай жүзеге асырылады 12 Желтоксан 9:41 Ғылыми жаңалықтарды құру және қолдану, олардың авторы мен жаңалықтар жасалатын ұйымдардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша қатынастарды реттеудің тиімді механизмдерін іздеу жарты ғасырға жалғасып келеді. Бұл өте ұзақмерзімді үрдіс. Зияткерлік меншік құқығы жаңа экономикалық парадигма жағдайында ұлттық деңгейдегі дамудың маңызды аспектісі ғана емес, АҚШ пен ҚХР сынды алпауыттардың сауда текетіресіне де себеп болып отыр. Қазірге дейін бірқатар жаһандық және ұлттық масштабтағы құжаттар қабылданды. Олардың бірқатары: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Конвенциясы, 1952 жылғы 6 қыркүйектегі Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенция, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж келісімі, Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы (1886 ж.), Еуропалық патент конвенциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңы, ҚР «Қазақстан Республикасының патент заңы», ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы және т.б. Осы уақыт аралығында әртүрлі жобалар ұсынылды, жаңалықтарды тіркеудің жүйелері енгізілді және қайта жабылды, бірақ мәселе әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.
  • Қазақстандағы білім жүйесінің даму деңгейі 11 Желтоксан 9:49 ҚР Конституциясына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында мемлекеттік кепілдіктер берілетіні анық жазылған. Дамыған елдердің тәжірибесіне қарап, білім беру мен денсаулық сақтау, ғылымды дамыту, спорт, жұмыспен қамтуға бағытталған реформалар мен инвестицияның нәтижесінде ұлт өмірін сапалы қылуға, постиндустриалды қоғам талаптарына жауап беретін интеллектуалды қоғам орнатуға, табысты жастарды тәрбиелеуге болатынына көз жеткіземіз. Мемлекеттің әр қадамы нәтижелі болу үшін тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болуы керек.
  • Қазақстанда тілдерді дамыту қалай жүзеге асырылады 27 Қараша 10:02 Еліміздің тіл саясаты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік бағдарлама Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруді түсіндіру жұмыстарын жүргізу, орфографияны жетілдіру, оның көпшілікке қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеттерімен толықтырылды және Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулерге сәйкес Үкімет қаулысымен бекітілді.
  • Үнемді өндіріс жүйесінің кәсіпорындарға әсері қандай болмақ 02 Қараша 13:41 Цифрлық дәуірде өндірісті үнемді қылу үшін қандай жұмыс жүргізу керек? Осы мәселе ірі компаниялардың басшылығын толғандыратыны сөзссіз. Жаһандану кезеңінде заманауи технологияларға ілесіп, трендттен қалмау кез келген өнеркәсіптік кәсіпорынның табысты болуын қамтамасыз етеді. ERG Еуразиялық топтағы инноваторларға арналған дәстүрлі инноваторлар форумында заманауи компанияларға өнідістік жүйенің қаншалықты қажетті екенін талқылады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Сайлау жүйесіне 25 жыл: Дауыс берудің заманауи технологиялары 01 Қараша 14:25 ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференциясы сайлауды қазіргі заманғы технологияға сай өткізудің алғышарттарын талқылады. Екі күнге созылатын шараға Әзербайжан, Ресей, Латвия, Литва, Тәжікстан, Грузия, Қырғызстан сынды елдердің Орталық сайлау комиссияларының төрағалары қатысып жатыр.
  • Мемлекет кәсіпкерлерге бизнесті қорғауда қайтарымсыз көмек көрсетеді 23 Қазан 18:01 Елде инвесторлардың құқығын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев та елшіліктердің басты міндеті инвестиция тарту екенін ай тқан болатын. Шетелдік және қазақстандық инвесторлардың құқығын қорғау бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бизнес пен инвестицияны қорғау жобалық кеңсесінің жұмыс істеп жатқанына жарты жыл болды. Осы уақыт аралығында олар шетелдік және отандық 160 бизнес жобаға қолдау көрсеткен. Бизнесте проблемасы бар кез келген инвестор агенттіктің келісімімен барлық мәселесін қалай шеше алады? Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Инвестиция- жастарға: Азия-Тынық мұхиты аймағы жастарының дамуы қалай жүзеге асырылуда 19 Қазан 15:22 Бүгінгі таңда 14 пен 24 жас аралығындағы жас буын 1,8 млрд жас азаматты құрап отыр. Азия-Тынық мұхит аймағы, Орталық Азияны қосқанда әлемдегі жастардың 60 пайыздан астамын құрайды. Қарқынды дамып келе жатқан аймақта жастарға инвестиция салу болашақта экономикалық динамикалы, бейбіт, жан-жақты және тұрақты қоғам құруда шешуші рөл атқарады. Бұл халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілері форумының стратегиялық басымдықтары тұжырымдамасының үш бағытының бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында мемлекеттік саясат басымдықтарының бірі – жастарға жан-жақты қолдау көрсету деп, 2019 жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Азия-Тынық мұхиты аймағының өкілдері Қазақстанның астанасында өңір жастарының мәселесін талқылады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика