Басты

Сараптама

Бүкіл Қазақстанды бойына сыйдырған бас қала 27 Маусым 12:42
Биыл Қазақстанның Бас қаласына 21 жыл толады. Ширек ғасырға жуық кезеңде үлкен даму сатысынан өткен Елорда – еліміздің әкімшілік қана емес, қаржылық, мәдени және инновациялық орталығы. Астана алаңы аймақтық және халықаралық күрделі шиеленістердің, қаржылық дағдарыс пен экономикалық санкцияның шешу жолын іздестіретін, дәстүрлі діндер мен конфессиялардың, әлемдік ақыл орталықтарының, бизнес пен инновацияның диалог платформасы деңгейіне жетті. Халықаралық аренада Қазақстанның бас қаласы «Еуразияның жүрегіне», мемлекеттің брендіне айналғаны даусыз. Ал Елорданы көркейту қаншалықты маңызды болса, жыл санап артқан тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен отбасылардың әл-ауқаты соншалықты өзекті болып келеді.

Айдарлар
  • Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру - борыш жүктемесін азайту 27 Маусым 11:31 2019 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» №34 Жарлығына қол қойды.Бұл бұрын-соңды болмаған теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім. Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру ісінің жалғасы.
  • Сот жүйесін жаңғырту қалай жүзеге асырылып жатыр? 24 Маусым 12:31 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауында Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мақсатында сот жүйесін одан әрі жаңғыртуды тапсырды. Ол үшін үш басымдық белгіленген.
  • Рухани жаңғыру және жастар жылы 20 Маусым 14:45 Биыл «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының шыққанына 2 жыл толды. Ол 2017 жылы 12 сәуірде отандық басылымдарда жарияланып, қоғамда резонанс тудырған еді. Жоғарғы мінберден бастап, оқу орындарына дейін рухани жаңғырудың қазіргі жай-күйі мен алдағы бағыт-бағдары талқыланды. Жалпы, еліміздегі рухани жаңғыру – үздіксіз процесс болғандықтан, оған Тәуелсіздік жарияланған соң қолға алған барлық рухани-мәдени шаралар енеді. Алғашқы жылдардағы «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Тарих толқынындағы халық», ҚР Президентінің Ұлытаудағы сұхбаты, кейінгі «Ұлы Даланың жеті қыры» осы үрдістің үзілмес бөліктері. Аталған іс-шаралар мен бағдарламалар көнеден келе жатқан рухани-мәдени қазынаны қайта қаузап, тарихи танымды кеңейтуді ғана емес, бүгінгі қоғамдық сананың трансформациясын көздейтін маңызды құжаттар. Ал, Қ.Тоқаевтың «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік» атты сұхбаты осылардың заңды жалғасы деуге болады.
  • Құқық қорғау жүйесін реформалау қалай жүзеге асырылуда? 20 Маусым 11:42 Осы жылдың 12 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде: «Сот және құқық қорғау жүйесін реформалауды маңызды бағыттарға жатқызып, оған баса мән беруіміз керек» деген. Президент «құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу» деп белгілеген.
  • Еуразияның диалог пен даму платформасы 12 Маусым 17:10 Маусым айы маңызды кездесулер мен саяси оқиғалардан басталды. Қазақстанда Президент сайлауы өтіп, 70,76 пайыз дауыспен кандидат Қ.Тоқаев жеңіске жетті. РФ Президенті В.Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Армения Республикасы, Түркия және т.б алыс жақын мемлекет басшылары құттықтау жеделхаттарын жолдады. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, 2019 жылы 12 маусымда жаңадан сайланған ҚР Президентінің инаугурациясы өтеді. Өткенде аптада Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен Мәскеуге барып, Ресей Президенті В.Путинмен бірлескен мәлімдеме қабылдады, сондай-ақ Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты. Алда – АӨСШК мен ШЫҰ саммиттері.
  • ЕАЭО елдерінің интеллектуалдық меншік саласындағы ынтымақтастығы 30 Мамыр 10:07 Постиндустриалдық даму кезеңінде мемлекеттің инновациялық потенциалы экономиканы дамытудың және оның халықаралық қауымдастықтағы рөлін айқындайтын стратегиялық ресурсқа айналды. Осы орайда инновациялық экономикада интеллектуалдық меншікті қорғау маңызды орын алады. Интеллектуалдық меншік Азия мен Еуропа, оның интеграциялық ұйымдары арасындағы көліктік-логистикалық, экономикалық көпір ретінде орнаған ЕЭО елдері үшін өзекті болып саналады. 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғары ЕЭК жиыны өтті. Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдық саммитінде ұйымның табыстары мен күрделі мәселелері талқыланды. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл толғанына қарамастан, Одақтың аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғаудың құрылымдық және заңнамалық негіздері, патенттеу, тауарлық белгілер, ғылыми жаңалықтарды құқықтық қорғау салалары даму кезеңінен өтті. Қазіргі уақытта интеллектуалдық меншік құқығы бойынша ЕАЭО-ның ЕО, АСЕАН, ШЫҰ-мен ынтымақтастығының өзектілігі артып келеді.
  • Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдық белесі 24 Мамыр 9:53 Жаһандық геоэкономикалық және геосаяси турбуленеттілік, тұрақсыздық жағдайында халықаралық интеграциялық ұйымдар да жаңа сын-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Шығыстан Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сынды аймақтық ықпалдастықтың жаңа моделі ұсынылып жатса, Батыстағы Еуропалық Одақта дезинтеграциялық кері үрдіс жүріп жатыр. Көптеген халықаралық саяси-экономикалық, қаржылық, экологиялық ұйымдар санкциялар мен сауда соғыстарын реттеуде қауқарсыздық танытуда. Әрине, Кеңес Одағы коллапсынан кейінгі посткеңестік кеңістіктегі өміршең интеграциялық ұйым ретінде Еуразиялық экономикалық одағын айтамыз. Көптеген сарапшылар Одақ Ресейдің геосаяси ықпалын нығайтуға қызмет ететінін айтқанымен, ол идеяны алғаш рет Н.Назарбаев ұсынып, қалыптастыруға, институционалдық дамытуға Қазақстанның елеулі үлес қосқанын ескеруіміз қажет. Алайда, 2019 жылы Н.Назарбаев өз президенттік өкілеттігін тоқтатқан соң, 2019 жылы 29 мамырда өтетін ЕЭО 5 жылдығының саммитінде Одақ жұмысын үйлестіру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылдануы ықтимал.
  • Балалардың құқықтарын қорғау күшейтілді 02 Мамыр 9:54 Осы жылдың 1-сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заңына қол қойды. Ол күшіне енді.
  • «Бір белдеу, бір жол» - өңірлік кооперацияның жаңа моделі 30 Сәуір 12:51 «Белдеу мен жол» форумы алғаш рет 2017 жылы аталған бастаманың 5 жылдығына орай өткізілген еді. Форумға 29 мемлекет басшылары мен премьер-министрлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қатысып, ауқымды шарада 6 тақырыптық сессия, 2 кеңейтілген кездесу өткізілді. «Белдеу мен жол» ІІ Форумына 40-қа жуық мемлекет және үкімет басшылары, «Жасыл Жібек жолы», «Инновациялық Жібек жолы» «Цифрлық Жібек жолы» қатарлы 12 сессия ұйымдастырылып, 150 мемлекет пен 90 халықаралық ұйымнан 5 мыңға жуық қатысушы болды. Экономикалық санкциялар мен жетекші державалар арасындағы сауда текетіресі жағдайында Форум аймақтық ынтымақтастық үшін маңызды платформа болмақ. Яғни, биылғы Форум саны мен сапасы жағынан әлдеқайда масштабты болды деуге негіз бар.
  • Құқық қорғау органдарының жұмысы және қылмыс ахуалы 30 Сәуір 11:26 Осы жылғы 1-тоқсанның қорытындысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев елдегі заңдылық пен құқық тәртіптің ахуалына ерекше назар аударды.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика