Әлем жаңалықтары

Бір белдеу, бір жол: Жібек жолындағы жүздесу

Бір белдеу, бір жол: Жібек жолындағы жүздесу

2019 жылы сәуір айында Бейжіңде кезекті «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық Форумы өтеді. Қазіргі уақытта масштабты кездесуге қызу дайындық жүріп жатыр. Өйткені, аталмыш Форум ауқымы бойынша Еуразия кеңістігіндегі халықаралық жиындардан кем емес. Өйткені, 152 мемлекет пен халықаралық ұйым инициативаны қолдап отыр. ҚХР Төрағасы Тәуелсіздік мерекесіне орай жолдаған құттықтау телеграммасында ҚР Президенті Н.Назарбаевты айтулы Форумға арнайы шақырған еді. АҚШ бұрынғы Мемхатшысы Г.Киссинджер өзінің 40 жылдық саяси-дипломатиялық қызметінде Қытайға 50 рет барғанын «мақтанып» жазады. Ал, 2018 жылғы 7 маусымдағы Бейжіңге мемлекеттік сапарында Н.Назарбаев тек Си Цзиньпинмен 18 рет кездеcкенін тілге тиек етті. Осы аралықта 67 млрд АҚШ долларын құрайтын 127 құжатқа қол қойылған. Қос мемлекеттің дипломатиялық байланысы орнаған уақыттан қарасақ, көршілік байланыстың қаншалықты маңызды екендігін бағамдауға болады.

15 Наурыз, 2019 12:39

Денсаулық сақтаудың дидары қандай?

Денсаулық сақтаудың дидары қандай?

ХХІ ғасырда мемлекеттің экономикалық әлеуетін, оның әлемдік өзгерістерге бейімділігін айқындайтын бірден-бір көрсеткіш – адами капитал. Ал адами капиталдың негізі азаматтардың әл-ауқаты мен денсаулығы. Анығын айтқанда, тәуелсіздікті жариялаған алғашқы жылдары елімізде халықтың денсаулығын сақтау мәселесі күрделі болды. Саламатты өмір салтын сақтау, ана мен бала өлімі, нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрестің қаншалықты қажет екендігін қоғам түсіне бастады. Елдің ішкі-сыртқы саясатын түгендеп, халықтың тұрмысын түзеуге арналған ең алғашқы стратегиялық құжат – «Қазақстан-2030» Стратегиясы болды. Аталмыш стратегия іске асырылған жылдары денсаулық сақтау жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырап, ана өлімі шамамен 3 есе азайып, бала туу көрсеткіші бір жарым есе артты. Білім алуда барша азаматтарға тең мүмкіндіктер қарастырылып, оған жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті. Қазақстан стратегияда көрсетілген межеге мерзімінен бұрын жеткенін айтты. Алайда, «Қазақстан-2030» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалғанымен, жаһандық саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты өзгеше сын-қатерлер «менмұндалап» шықты. Жаңа мәселелер туындап, соған сәйкес шешу жолдары қарастырыла бастады. Ол жаңа мемлекеттік бағдарламалар мен Жолдауларда көрініс тауып, жалпы іс-қимылға бағдар беріп отырды. «Заманы сай адамы, уақытына сай бағдарламасы» десе де болғандай.

30 Қараша, 2018 10:20

Қазақстандық сыртқы саясат моделі

Қазақстандық сыртқы саясат моделі

Француздың әйгілі қолбасшысы Наполеон Бонапарттың «Мемлекеттің саясаты оның географиясымен анықталады» дегені көп мемлекетттің ішкі-сыртқы саяси жағдайына дәлме-дәл анықтама бергендей. Еуразия суперконтинентінің ортасында, көлік-логистикалық байланыстың, мәдени-рухани, экономикалық ықпалдастықтың түйісу нүктесінде жатқан Қазақстан үшін оның географиясы кейінгі сыртқы саясатын, еш пафоссыз айтқанда, тағдырын анықтап берді. Көп векторлық, тату көршілік, достық, серіктестік пен өзара тиімділік – егемендігіне 27 жыл толған Қазақстанның сыртқы саясатының берік қағидаттары. Қазақстан барлық елдердің өзара теңдігін, сыртқы күштердің ішкі істерге араласпауын, халықаралық деңгейде қорғалуын, орын алған проблемалардың бейбіт түрде және ашық диалог форматында шешілуін қолдайды.

21 Қараша, 2018 14:35

Дайындық бөлімдері: Этникалық қазақтың бір үміті

Дайындық бөлімдері: Этникалық қазақтың бір үміті

Жақында масс-медиада «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша шетелдердің жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігін алған отандастарымыздың тізімі жарияланған-ды. Бұл тізімге білікті маман болуға ұмтылған азаматтарымызды бір марқайтып тастаған. Ал бір күн бұрын ғана шетелдердегі этникалық қазақ жастарының Қазақстанда дайындық бөлімдерінде оқуына мүмкіндік беретін тағы бір құжаттың қабылданғаны белгілі болды. Рас, бұл құжат Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарындағы дайындық бөліміне этникалық қазақтарды қабылдауына қатысты бұйрық. Масс-медиаға жария етілген жоқ. Бірақ, атажұртқа келіп оқығысы келетін, Қазақстан десе елеңдеп тұрғатын ғұрбаттағы қазақ үшін қуанышты жаңалық болғаны анық. Әсіресе, шетелдегі қазақ жастарын ел байтағы - Астанаға жинаудың демографиялық һәм әлеуметтік мәні зор болса керек.

1 Қазан, 2018 10:31

Қазақстандық ЖОО-ның мәртебесі жоғары ма?

Қазақстандық ЖОО-ның мәртебесі жоғары ма?

Осы аптада еліміздің оқу орындарында құжат қабылдау басталады. Қазақстанның теріскейі мен түстігі, ойы мен қырынан үмітін үкілеген талапкер қалаға қарай ағылады. Негізгі мақсат – үкіметтің грантына ілігу. Әркімге мамандық таңдауда меже, университет көрсетуде кедергі қойылмаған. Абитуриенттер ең алдымен, оқу орнының беделі, мамандыққа сұраныстың болуы және оқу бағасының тиімділігіне назар аударады. Ал ЖОО жылдағыдай мектептерде, әлеуметтік желіде, қала көшелерінде жарнама жасап, университеттің артықшылықтарын насихаттайды. Бірақ, қазақстандық оқу орындары талапкердің талабына, «өнеркәсіптік төңкеріс» жағдайында нарықтың сұранысына жауап бере ала ма? Ішкі ғана емес, аймақтық, тіпті жаһандық бәсекелестікте біздің ЖОО-ның бәсі қаншалықты биік деген заңды сұрақ туындайды.

19 Шілде, 2018 09:23

Ғылыми жаңалықты құқықтық қорғау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан

Ғылыми жаңалықты құқықтық қорғау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан

Ғылыми жаңалықтарды құру және қолдану, олардың авторы мен жаңалықтар жасалатын ұйымдардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша қатынастарды реттеудің тиімді механизмдерін іздеу жарты ғасырға жалғасып келеді. Бұл өте ұзақмерзімді үрдіс. Зияткерлік меншік құқығы жаңа экономикалық парадигма жағдайында ұлттық деңгейдегі дамудың маңызды аспектісі ғана емес, АҚШ пен ҚХР сынды алпауыттардың сауда текетіресіне де себеп болып отыр. Қазірге дейін бірқатар жаһандық және ұлттық масштабтағы құжаттар қабылданды. Олардың бірқатары: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Конвенциясы, 1952 жылғы 6 қыркүйектегі Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенция, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж келісімі, Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы (1886 ж.), Еуропалық патент конвенциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңы, ҚР «Қазақстан Республикасының патент заңы», ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы және т.б. Осы уақыт аралығында әртүрлі жобалар ұсынылды, жаңалықтарды тіркеудің жүйелері енгізілді және қайта жабылды, бірақ мәселе әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.

13 Шілде, 2018 10:59

Қазақстан мен Өзбекстан: өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңі

Қазақстан мен Өзбекстан: өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңі

2018 жылдың 15 наурызында Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми ашылу рәсімі өткен болатын. Осы оқиға – қазақ-өзбек қатынастары жаңа белесінің бастауы деуге де болады, себебі бұл екі ел арасындағы достық пен татулықтың дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдің экономикалық және саяси серіктестігін нығайтуға зор үлес қосатын айтулы үдерістің бастамасы.Одан бұрын, 2017 жылдың наурызында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзеев Астанаға ресми сапармен келсе, қыркүйек айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Ташкентке барып қайтқан болатын. Оған қоса қос астанада бизнес ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бизнес-форумдар өткізілді. Бұл шаралардың басты мақсаты – екі елдің экспорттық, инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы экономикалық әріптестікті күшейту.

12 Шілде, 2018 10:14

Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтаудың өзекті мәселелері

Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтаудың өзекті мәселелері

Бүгінгі халықаралық қатынастарда Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау маңызды мәселенің қатарында. Каспий теңізі географиялық орналасуына қарай бірқатар мемлекеттің қарым-қатынасына тікелей әсер етіп отыр. ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін Каспий аймағы КСРО-Иран байланысымен айқындалған еді. Кеңес Одағы ыдыраған соң тәуелсіз республикалардың құрылуы аймақтағы геосаяси тепе-теңдіктің өзгеруіне алып келді. Каспий бассейнінің энергетикалық қоры мен транзиттік мүмкіншілігі таяу жатқан елдерден тыс әлемнің жетекші державаларының да назарын аударады. Шығыстанушы Олжас Бейсенбаевтың сараптамасы қарт Каспийдің жағалауындағы елдердің Тәуелсіздік алғалы көтеріп, зерттеп, әртүрлі деңгейде жиындар өткізуіндегі мақсат, мүдделері айтылыпты. Географиялық орналасуына қарай Қазақстанға ең көп үлес тиюі керек. Дегенмен, жағалаудағы өзгелер де өз үлесінің аздығына келісе қоймайды. Қайтпек керек? Теңіздің мәртебесі айқындалса, ол шегара мәселесін шешуге қаншалықты септігін тигізеді?

21 Мамыр, 2018 11:31