Латын әліпбиі – өркениетке ұмтылыс
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың күні кешегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан кейін елдің рухын көтеріп, намысын оятудың бірден бір жолы латын әліпбиіне оралу әрі өркениетке ұмтылу. Елбасымыздың қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауға берген тапсырмасы еліміздің келешегі мен тіліміздің дамуына да серпіліс жасауға мүмкіндік беріп отыр. Қыркүйектің басынан бері қарай латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы әзірленіп жалпыхалықтық талқыға ұсынылды. Бірі диграфтарды жақтаса, енді бірі апострафтарды қолайлы көреді. Ал жалпы, әлемдік озық техника мен технологияға, оның ішінде осы өзіміз басып отырған компьютердің, ғаламтордың мүкіндігіне қарайықшы. Біздің қазіргі қазақ қаріптері қаншалықты қолайлы? Ал ұсынылып жатқан латын әліпбилерінің қайсысы бізге ыңғайлы? Бірнеше жылдан бері жасалған жобалар да бар еді. Олардың авторлары не дейді? Strategy2050.kz тілшісі аталмыш жоба авторларымен тілдескен еді.
18 Қазан, 2017 11:42