Оңтүстіктен шетелге 400 мың тонна бақша өнімдері экспортталды
Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары осы жылдың тоғыз айында Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония және Германияға 225 мың тоннадан астам қауын, 148 мың тонна қарбыз, 14 мың тоннаға жуық жүзім, 43 мың тонна шамасында қырыққабат экспорттаған, деп хабарлады облыс әкімдігі.
15 Қараша, 2017 12:51