307 мыңнан астам қазақстандыққа «Денсаулық жолы-2016» акциясының аясында медициналық қызметтер көрсетілді
ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының мәліметінше, «Денсаулық жолы – 2016» акциясының аясында екі айдың ішінде жылжымалы медициналық кешендерімен республиканың шалғай аймақтарындағы ауылдық жерлерге барған терапевтер және бейінді мамандар (эндокринологтар, пульмонологтар, кардиологтар, педиатрлар, офтальмологтар, онкологтар, фтизиатрлар, ЖИТС-пен күрес аймақтық орталықтарының қызметкерлері) 307 мың 965 адамды медициналық тексеруден өткізді.
16 Қыркүйек, 2016 11:34