Әлем жаңалықтары

Жастарды қолдау: Тегін білім беру және  жұмыспен қамту

Жастарды қолдау: Тегін білім беру және жұмыспен қамту

2019 жылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында «Жастар жылы» деп жариялады.Қазіргі таңда жастарға аса қажетті дүниелердің бірі білім мен жұмыс екені белгілі. Президенттің тапсырмасы бойынша 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру (ТжКББ)» жобасы іске асырылып жатыр. Бұл оқыту түрі ҰБТ тапсырмаған, оқу орындарына түспеген, тұрмыс жағдайлары нашар отбасыдан шыққан адамдарға бағытталған. Бағдарлама қатысушылары оқу кезеңінде оқу ақысын төлеу, бір реттік ыстық тамақ, шәкіртақы, жол ақысы секілді мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады. Тегін техникалық кәсіптік біліммен өткен жылы қанша жас қамтылды және еңбек биржасы жұмысқа орналасуға қаншалықты септігін тигізеді? Осы сұрақтарға келесі материал жауап береді.

3 Қаңтар, 2019 17:32