Әлем жаңалықтары

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік деген не? (ВИДЕО)

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік деген не? (ВИДЕО)

Бүкіл әлемде әлеуметтік кәсіпкерлік кеңінен етек жаюда. Тіпті, көптеген халықаралық оқу орындар әлеуметтік кәсіпкерлікті өздерінің оқу бағдарламасына енгізді. Әлеуметтік кәсіпкерлік әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған. Әлеуметтік кәсіпкерлер — олар қайырымдылық пен дәстүрлі бизнесті біріктіре отырып жұмыс істейді. Олар әлеуметтік меселелерді шешіп, қайырымдылық жасауды насихаттайды. Осылайша бизнес адами келбетке ие болады. Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлікті қайырымдылықпен шатастырады. Әрине онда кейбір элементтер бар, алайда ол қайырымдылық емес. Осы ретте, әлеуметтік кәсіпкерлік туралы және Қазақстанда оның қаншалық дамығаны жайлы «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында «GreenTal»ЖШС директоры Эмин Аскеров кеңінен айтып берді.

10 Мамыр, 2017 09:57