СҚО экономикасына 5 айдың ішінде 43,8 млрд теңге инвестиция тартылды
Солтүстік Қазақстан облысының экономикасына соңғы 5 айда 43,8 млрд теңге инвестиция тартылды, 2016 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда өсім 21,2% құрады. Бұл туралы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында атқарылған жұмыстар туралы аппарат отырысында облыстық экономика басқармасының бастығы Арсен Қазбеков хабарлады.
3 Шілде, 2017 20:36