ҚР ғалымдары «Қазақ хандарының жолымен» бірқатар материалдар дайындауда
ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының ғалымдары 2015 жылдың 3-10 тамызы аралығында «Қазақ хандарының жолымен» ғылыми экспедиция ұйымдастырды. Ол Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды, ғалымдар тарихи орындар Ұлытау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында болды. Экспедицияға қатысушылар шамамен 4,5 мың шақырым жолды жүріп өтті. Зерттеу барысында табылған материалдардың бәрі жариялымдарда көрініс табатын болады, деп хабарлады ҚР БҒМ мемлекет тарихы институты диреккторының орынбасары Радик Темірғалиев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
18 Тамыз, 2015 11:13