Ж.Сәлімов: «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған 7 мың түлек елімізде еңбек етуде
Бағдарлама жұмыс істегелі бері 10 мыңдай адам шетелге оқуға аттанса, қазіргі таңда солардың 7 мыңы елге оралып әр салада еңбек етуде, деп мәлімдеді «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ төрағасының орынбасары, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Жұматай Сәлімов Астанадағы бағдарлама түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде.
31 Қазан, 2014 10:33