ОКҚ брифингіне «Ақ жол» ДПП фракциясының жетекшісі қатысады
Сәрсенбі, 22 қаңтар күні сағат 15:00-те Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Парламенттегі фракциясының жетекшісі Азат Тұрлыбекұлы Перуашевтің қатысуымен брифинг өтеді. Онда Мемлекет басшысының «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы шеңберіндегі міндеттер сөз болады.
22 Қаңтар, 2014 14:15