Биыл Астанада 35 аула аумағы абаттандырылады
Қалада балаларға арналған алаңдар мен спорт алаңдарын кешенді абаттандыру, демалатын күркелер, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Жыл соңына дейін «Алматы» ауданында 10, «Сарыарқа» ауданында - 19, «Есіл» ауданында – 6 аула абаттандырылады.
9 Маусым, 2016 20:38