Бесінші Каспий маңы саммитінде қандай мәселелер талқыланады
2018 жылы 12 тамызда Ақтау қаласында Каспий маңы елдерінің бесінші саммиті өтеді.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен саммитке Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Алиев, Иран Ислам Республикасының Хасан Рухани, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов келеді. Саммит барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық статусы, Каспийде экономика, көлік, экология, қауіпсіздік салаларында ынтымақтастық орнату және басқа да мәселелерді талқылайды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
6 Тамыз, 2018 16:27