Аралдың құрғап қалған 56,5 мың гектар аймағы орманды алқапқа айналды
Арал теңізінің құрғап кеткен 56 мың 500 гектар аймағына орман ағаштары отырғызылды. Сонымен қатар, 47 мың 117 гектарға сексеуіл отырғызылып, 9 мың 383 гектар жерге дән себілді, деді «Ормандарды сақтау мен республиканың орманды алқаптарын кеңейту» жобасының үйлестірушісі Александр Боровков аталған жобаның жүзеге асырылу қорытындысына байланысты өткен халықаралық конференцияның барысында.
25 Маусым, 2015 15:17