Астанада сенбілік аясында 16 мың көшет отырғызу жоспарланған
23 сәуірде елордада жалпықалалық сенбіліктен басқа ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жер күніне орай ағаштар отырғызылады. Арнайы дайындалған гүлзарларға Сиверс алмасы, емен, қызыл шетен, ақ қайың, сібір шыршасы, ақ тал, пирамидалы терек, қызылтал, сондай-ақ, бальзам иісті терек ағаштарының 1000 астам көшеті отырғызылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
19 Сәуір, 2016 20:43