ОҚО-да сауда саласы қарқынды дамуда
Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 6 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 371,5 млрд. теңгені құрады. Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 250,4 млрд. теңгеге жеткен. Сондай-ақ облыс шаруалары 139,1 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірген. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.
15 Тамыз, 2017 09:32