Алғашқы бір айдың ішінде «www.Soyle.kz» порталына кірген пайдаланушылар саны 30 мыңнан асты
Ашылған күннен бергі аз уақыт ішінде порталға елдің барлық аймақтарынан және РФ, ҚХР, АҚШ сияқты шет мемлекеттерден 30 мыңнан астам пайдаланушы кірген болса, тіркеліп оқып жатқандардың саны 5 мыңнан асты, деп Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлады.
20 Қаңтар, 2014 15:15