Қазақстанда «Денсаулық жолы - 2015» акциясы жалғасуда
«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акциясының аясында жылжымалы медицина кешендері Маңғыстау мен Қызылорда облыстарының шалғай жатқан аймақтарына шығады, ондағы тұрғындар скринингтік тексерулерден тегін өтіп, әлеуметтік жағынан өзекті саналатын аурулар бойынша медициналық көмек алады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар министрлігінің баспасөз қызметі.
11 Шілде, 2015 15:04