Қазақстанда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының штаб-пәтері ашылады
Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
6 Қараша, 2017 17:14