• Басты
  • C.Омаров: Мал шаруашылығы секторында жалпы өнім 2,3 трлн теңгеге дейін өсті
26 Мамыр, 2020 10:45

C.Омаров: Мал шаруашылығы секторында жалпы өнім 2,3 трлн теңгеге дейін өсті

Мал шаруашылығы секторында жалпы өнім 2,3 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл жөнінде үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілішісі. 

C.Омаров: Мал шаруашылығы секторында жалпы өнім 2,3 трлн теңгеге дейін өсті

Оның сөзінше, мал шаруашылығы секторында 4 пайыз деңгейінде тұрақты өсім сақталып отыр және жылдың қорытындысы бойынша жалпы өнім 2,3 трлн теңгеге дейін өскен.

"Несиелендіру және қосымша субсидиялау арқылы былтырғы жылы жүзеге асырылған шаралар өзінің оң нәтижесін берді. Ағымдағы жылдың төрт айы бойынша ауыл шаруашылығы малдарының өсімінің оң динамикасы байқалады: ірі қара малы 4,1 пайызға, қой мен ешкі 2,7 пайызға, жылқылар 7,6 пайызға өсті. Ет көлемінің өндірісі 3,6 пайызға өсіп 314 мың тоннаны құрады, сондай-ақ сүт өндірісі 3,2 пайызға өсіп 1,5 млн.тоннаны құрады. Жұмыртқа өндірісі сыртқы нарықта сұраныстың төмендеуі салдарынан 6 пайызға (1,6 млрд дана) азайып отыр.


Министрдің сөзіне сүйенсек, айта өнделген мал өнімдерін өндіру де көлемі артқан.

"Мәселен, шұжық өнімдері 20,9 пайызға (18,8 мың тонна), ет консервілері 9 пайызға (3 мың тонна), өнделген балық 51,3 пайызға (3,9 мың тонна) өскен. Сүт өнімдері бойынша орташа өсім 10 пайыз деңгейінде сақталып отыр, тек өнделген сүт өндірісінің көлемі карантин кезіндегі сұраныстың төмендеуінен және негізгі шикізатты ұзақ мерзімге сақталатын сүт өнімдеріне бағдарлауға байланысты төмендеп отыр", - деді Сапархан Омаров.


Оның сөзінше, министрліктің жоспарына сәйкес ағымдағы жылы мал шаруашылығы өнімдері көлемінің қосымша өсімі 4,2 пайызға (ИФО) немесе 2,6 трлн теңгеге болжанып отыр. 

"Ағымдағы жылдың төрт айы бойынша жалпы өнім көлемі 656 млрд. тг, жалпы өнім индексі 2,2%-ға артып отыр. Мал шаруашылығы секторында негізгі шаралар ірі қара малының аналық басын көбейтуге бағытталған. 2018 жылдан бастап аналық мал басын сатып алуға арналған фермерлік шаруашылықтарды несиелендіру бағдарламасы басталды.  Осы уақыт ішінде 1,5 мың фермерлік шаруашылық несие алып мал сатып алды", - деді министр.


Сонымен қатар оның айтуынша, фермерлік шаруашылықтарды құрудан күтілетін инвестициялар көлемі 350 млрд теңге және сиыр етін экспорттау 2025 жылы 370 млн АҚШ долларын құрамақ.Сондай-ақ ол фермерлік шаруашылықтармен 42 мыңнан астам жұмыс орындары құрылатынын атап өтті. 

"Етті мал шаруашылығы бойынша үш негізгі индикатив белгіленді. Фермерлерді несиелендіру арқылы ІҚМ аналық басының қарқынды өсуі, мал басының өнімділігін аналық мал басын тұқымдық түрлендіру арқылы өсіру, бұқашықтарды өндірістік бордақылау алаңдарына және ет комбинаттарына тапсыру жолымен сиыр еті өндірісінің тізбегін дамыту. 2019 жылы фермерлік шаруашылықтар 63 мың бас ірі қара малы әкелген. Нәтижесінде асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 12 пайызға жетті", - деді министр.


Оның айтуынша, биыл 95 мың бас аналық малды сатып алуға фермерлік шаруашылықтарды несиелендіру жоспарланған.

"Жыл басынан бастап 21 мың бас сатып алуға фермерлер қаржыландырылды. Былтырғы жылы пилотты түрде сатып алынатын малды кепілге қою арқылы қаржыландыру механизмі тәжиребеден өткізілді және аталған механизм биыл кеңінен қолданылатын болады. Басты міндеттердің бірі сиыр еті өндірісінің тізбегін үздіксіз жүргізу болып табылады. Республикада 279 мың мал орнына арналған бордақылау алаңдарының желісі және қуаты 240 мың тоннаға ет комбинаттары бар. Олардың жүктемелігін арттыру үшін бұқашықтарды тапсыру жоспары қарастырылған. Жыл басынан бері фермерлік шаруашылықтар бордақылау алаңдарына 41,7 мың бас бұқашықтарды өткізді", - деді Сапархан Омаров.


Оның айтуынша, фермерлерді ынталандыру үшін өнеркәсіптік бордақылау алаңдарына немесе ет комбинаттарына тапсырылған бұқашықтарды тірілей салмағына субсидиялау механизмі қарастырылған.

"Ет комбинаттары және бордақылау алаңдарында экспорттық контрактысы болған жағдайда айналым қаражатын толықтыруды қаржыландыру қарастырылған. Қой шаруашылығында негізгі міндет мал басы санын көбейту және зәкірлік кооперацияны дамыту болып табылады. Қой шаруашылығындағы зәкірлік кооперацияның жобасы Жамбыл облысында сәтті жүзеге асырылуда. Казіргі уақытта Алматы облысында Бауман неміс компаниясымен қой етін қайта өндейтін заманауи ет комбинатын салу бойынша жобасы пысықталып жатыр", - деді ол.


Сонымен қатар оның айтуынша, кәсіпорынды жыл бойына жұмыспен қамтамасыз етуге бес өңірде бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарланған. 

"Осы орайда, бордақылау алаңдарын салу кезінде инвестициялық шығындарды өтеу бойынша субсидиялау Министрлікпен қарастырылды. Былтырғы жылы 1059 шаруашылық 374 мың бас аналық қойды сатып алуға қаржыландырылды.  Ағымдағы жылы жоспарға сәйкес 360 мың бас қойды сатып алуға қаржыландыру жоспарланған. Қазіргі уақытта нақты 28 мың бас қаржыландырылды. Сүтті мал шаруашылығы секторында импортты алмастыру міндетіне сәйкес сүтті-тауарлы фермалар желісін құру және кеңейту жобалары жүзеге асырылып жатыр", - деді министр. 


Сондай-ақ ол 2019 жылы қуаттылығы 40 мың тонна сүт өндіретін 8 өнеркәсіптік және 14 отбасылық фермалар қолданысқа берілгенін атап өтті. Алайда оның сөзінше, 464 мың тонна көлемінде импорт бар.

"Жалпы 5 жыл ішінде қайта өнделген сүт өндірісі көлемін 500 мың тоннаға арттыру арқылы импортты алмастыру мәселесін толық жабу жоспарланған. Облыс әкімдіктерімен бірлесіп әлеуетті сүтті-тауарлы фермалардың жобалары пысықталды. Өңірлермен ағымдағы жылы 29 өнеркәсіптік сүтті-тауарлы фермаларды салу және 39 отбасылық фермаларды қайта жабдықтауға қаржыландыру ұсынылды. 7 өнеркәсіптік сүт фермасы жобалары бойынша қаржыландыру мәселесі шешілді, бір жоба өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Басқа жобалар бойынша қаржыландыру ағымдағы жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша бөлінген 400 млрд теңге шеңберінде жүзеге асырылатын болады", - деді ол.


Сонымен қоса оның сөзінше, министрлік тарапынан "ҚазАгро" ҰБХ АҚ бірлесіп казіргі уақытта инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде кепілдік талаптары оңтайландырылған, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде кепілдік жетпеген жағдайда екінші деңгейлі банктердің несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік беру механизмі енгізілді және де ірі қара мал, техника және құрал-жабдықтар өзі кепіл ретінде алынып қаржыландырылмақ.

"Сүтті-тауарлы фермаларды жүзеге асырған инвесторларға инвестициялық жоба бойынша жұмсалған шығындарын субсидиялау түріндегі қолдаулар және де қайта өндеуге өткізілген сүт бағасын арзандату бойынша субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Құс етін өндіруде былтырғы жылы 1 жаңа құс фабрикасын және 5 жобаны жаңғырту арқылы құс етінің өндірісі 14 пайызға (223 мың тоннаға дейін) өсімі қамтамасыз етіліп отыр. Дегенмен импорт үлесі 45 пайызын құрайды. Орташа мерзімдегі перспективада өндіріс қуаттылығы 174 мың тоннаны құрайтын 12 бройлерлік құс фабрикаларын жүзеге асыру жоспарлануда", - деді ол. 


Оның сөзінше, осы шаралар есебінен және құс фабрикаларының қуаттылығын толық жүктеу арқылы құс етінің өндірісі 2,2 есе өсетін болады. 

"Бастапқы инвестициялар 110 млрд теңгені құрайды және 4,7 мың жұмыс орыны құрылады. Мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттырудағы перспективалық бағыт шошқа етін өндіру болып табылады. 2019 жылы министрлікпен халықаралық эпизоотиялық бюро деңгейінде еліміз шошқаның африкалық обасынан таза деген статусын алды. Сонымен бірге ҚХР-мен шошқа етін экспорттауға ветеринариялық сертификатқа қол қойылды.  2019 жылы Қытайдың Бас кедендік қызметі тарапынан инспекциялық жұмыстардың бірінші кезеңі жүргізілді. Экономиканы қалпына келтірудің Кешенді жоспары шеңберінде Қытайдың Бас кедендік қызметімен қазақстандық кәсіпорындарды импортерлер реестріне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сөйтіп ҚХР-на шошқа етін жеткізу жұмыстары соңына дейін жүзеге асырылатын болады", - деді министр.


Бұдан бөлек, оның айтуынша, қазіргі таңда қуаттылығы 187 мың тонна болатын 11 жоба жүзеге асыру және жобалау кезеңінде.

"6 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Көпшілігінде жеке инвестициялар. Жалпы аталған жобалар есебінен жақын жылдары өндіріс көлемдерін 2,7 есе арттыру жоспарлануда. Инвестициялар көлемі 271 млрд.тг құрайды. Қосымша 3,8 мың жұмыс орындары құрылатын болады. Министрлікпен облыс әкімдіктерімен бірлесіп трансұлттық компанияларды және стратегиялық инвесторларды мал шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу секторына зәкірлік негізде тарту бойынша шаралар қабылдануда. Тайсон фудс компаниясын сиыр етін қайта өндеу секторына тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жобалау кезеңінде қозы етін қайта өндеу бойынша германиялық Бауман компаниясының жобасы бар", - деді ол.


Сонымен бірге ол жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында 2 заманауи ет өндеу кешендері қолданысқа берілетінін атап өтті.

"Америкалық АГКО компаниясымен индустриалды балық шаруашылығы бойынша жобаның қаржыландырылуы басталды. Сүтті қайта өндеу секторында Юнайтед грин еуропалық компаниясымен инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүруде. Жалпы аталған жобаларды жүзеге асыру 717 млрд теңге көлемінде қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді", - деді Сапархан Омаров.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды