- Басты
- Жаңалықтар
- БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
Қазақстан Ұлттық Банкінің бастамасымен салымшылардың мүддесі үшін БЖЗҚ комиссиясын төмендету мақсатында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 2 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қол қойған Қазақстан Республикасының Заңы аясында тиісті түзетулер енгізілді, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Бұл өзгерістер салымшылар өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға аудара алатын БЖЗҚ, Қазақстан Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар арасындағы комиссиялық сыйақыны бөлуді, сондай-ақ оның шекті мөлшерлердң деңгейінің төмендеуін көздейді.
"Қабылданған түзетулерге сәйкес, БЖЗҚ үшін тек зейнетақы активтерінен комиссия құрылады. Сонымен бірге көрсетілген комиссиялық сыйақының шекті мөлшері 60%-ға – зейнетақы активтерінен айына 0,025% -дан 0,01% -ға дейін төмендетілді", делінген хабарламада.
Қазақстан Ұлттық Банкі мен инвестициялық портфельді басқарушылар үшін шекті мәндерді белгілей отырып, инвестициялық кірістер бойынша комиссия қарастырылған. Инвестициялық кіріс бойынша нақты алынған комиссия мөлшері қайта қаралып, жыл сайын белгіленіп отырады.
Сонымен бірге, Қазақстан Ұлттық Банкінің ұсынысымен оның комиссиялық сыйақының шекті мөлшері инвестициялық кірістің 73% – 7,5%-дан 2,0% дейін төмендетілді.
Егер бұрын БЖЗҚ инвестициялық кірістен комиссия алған болса, онда жаңа талаптарға сәйкес сыйақы тікелей инвестициялық портфельді басқарушыға түседі. Бұл салымшыға инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысы бақылауға мүмкіндік беріп, өзіне тиімді шарттарды таңдауға жағдай жасайды.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады
-
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы
-
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған сабақтар қорытындыланды
-
Парламенттік сайлауда кімдер дауыс бере алады
-
ЖҚҚ-ның бағасы төмендетілді: ПТР-тестілеу мен медициналық масканың бағасы қанша тұрады
-
Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады
-
Қазақстанда Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
-
Түркістан және Кентау қалаларында кірме жолдарды ұсыну қызметінің тарифі төмендетілді
-
Сарыағаш ауданында арналар арқылы су беру қызметіне тарифтер төмендетілді
-
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының азайып кетуіне қатысты мәлімдеме жасады
-
Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері төмендетілді
-
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды

