• Главная
  • Буллинг пен кибербуллингтен қалай қорғанамыз
9 сентября, 2020 16:53

Буллинг пен кибербуллингтен қалай қорғанамыз

Бүгін Орталық коммуникациялар орталығында «Өзіңізді және жақындарыңызды буллинг және кибербуллингтен қалай қорғауға болады» деген тақырыппен баспасөз конференциясы өтті. Жиынға қатысқан сарапшылар кибербуллинг пен буллинг мәселелеріне тоқталып, одан қалай қорғану керегін, әсересе балаларды қалай қорғау керегі жөнінде пікірлерін ортаға салды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

Буллинг пен кибербуллингтен қалай қорғанамыз

Буллинг пен кибербуллинг деген не

Буллинг пен кибербуллинг дегеніміз - адам құқығының өрескел бұзылуы. Сонымен қоса бір адамның немесе адамдар тобының екінші адамға қасақана және үнемі зиян келтіруі.

Ал киберқауіпсіздік - бұл желі, әлеуметтік желілері, онлайн ойындары және жедел хабарлама қосымшалары арқылы қорқыту. Киберқылмыс түрлеріне балаларды балалар порнографиясына тарту, жезөкшелікке пайдалану, есірткі саудасы, шантаж, суицидке баруға итермелеу жатады.

Буллинг пен кибербуллинг проблемалары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру проблемасын көтерген болатын. Президент мұның күн тәртібіндегі мәселе болуы керек екенін баса айтты. Жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасы тиісті деңгейде шешілуі керек. Қашықтан оқытуды жүзеге асыру кезінде қауіпсіз интернет кеңістігін құруды қолға алу қажет. Баспасөз мәжілісіне қатысқан халықаралық «Expo & Women» ұйымының басқарма төрағасы Ләзат Асқарова балалар арасындағы кибербуллингке алаңдайтынын жеткізді.

«Мен мектепте ұзақ жыл балалармен жұмыс істедім. Бұрын бұл тақырып аса өзекті болмағанымен, соңғы жылдары маңызды мәселелердің бірін айналып отыр, тіпті өршіп кетті деуге де болады. Бұл «құқық» сөзінің дұрыс қолданылмауынан туындап отыр. Енді бұл жаңдайды алаяқтар пайдалана бастады. Өздеріне жалған ат қойып, балалар сеніміне ие болу үшін қолынан келгенді жасауда. Мен бұл тақырыпты мемелкет басшысының көтергеніне қуаныштымын. Балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдату қажет. Біз түрлі семинар тренингтер өткізіп тұрамыз. Соның барысында біз ата-аналар мен мұғалімдердің цифрлы тұрғыдан сауатсыз екенін анықтадық.

Басқарма төрағасы келтірген статистика бойынша, ай сайын әр бесінші жасөспірім буллингтің құрбаны болып отыр. Сондықтан ол қоғамдық ұйымдармен бірігіп жалпы балалар құқығын қорғаудың қазіргі жағдайы туралы мәселені жиі-жиі көтеріп жүргенін тілге тиек етті. Бұл әсіресе пандемия кезінде және қашықтан оқыту жағдайында өте өзекті. Тәжірибелі алаяқтар «Жұмаққа 50 қадам» сияқты қауіпті ойындарды жасап, одан әрі дамытыпы, қазақтілді ортаны алдауды қолға алды. Көп жағдайда та-аналар мен ұстаздар көбінесе интернетте балалардың не істеп жатқанынан бейхабар. Сол себепті Ләззат Асқарова ата-аналар өздерінің цифрлы сауаттылығын арттырып, балаларын қорғай алатындай деңгейде білімді болуы тиіс.

Басқарма төрағасының сөзінше, ғаламторда агрессивті мінез көрсету заманауи қоғамның технологиялық жетістіктерінің нәтижесінде туындаған әлеуметтік құбылыс.

«Бізге буллингтен, сонымен қатар кибербуллингтен балаларды, тіпті үлкендерді қорғау үшін шұғыл түрде шаралар қабылдау керек. Әр түрлі интернет-ресурстардағы мінез-құлық нормаларын және жалпы қабылданған нормаларды өзгерту керек, мінез-құлықтың виртуалды мәдениетін қалыптастыруымыз қажет», - деді Ләзат Асқарова.

Ал жиында бейне байланысқа шыққан «Қазақстанның Интернет қауымдастығы» ЗТБ президенті Шавкат Сабиров кибербуллингбен қоғам мен мемлекет болып күресі қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, 2011 жылы олардың біріккен базасында safekaznet.kz деген жедел желі іске қосылған. Тоғыз жыл ішінде заңсыздыққа байланысты 20 мыңға жуық арыз-шағым түскен. Ал қазіргі таңда бұл қоғамдық негізде жұмыс істеп тұр. Мемлекет бұл жобаны 2014 жылға дейін ғана қолдау көрсеткен.

Ол әлемді жайлаған пандемия мен карантин салдарынан азаматтардың барлығы қашықтан жұмысқа істеуге, қашықтан оқуға көшкенін атап өтті. Интернет тек көңілді алдандыру не жұмыс істеумен ғана шектелмейді, ол өз кезегінде қауіп қатер де туғызады. Алғашында жәй алдаумен басталған дүние шантажға, зорлық-зомбылыққа ұласады. Оның айтуынша, қазақстандық жасөспірімдерді ЛГБТ қоғамдастықтарына тарта бастаған. Көптеген ата-ана құқық қорғау органдарымен жұмыс сітеуден қашады. Біз ата-аналар мен ұстаздарға балалар үшін ойын түрінде кибербуллинг туралы ақпарат беретін материалдар дайындауды ұсындық. Немесе балалардың телефондарына SOS батырмасын енгізу керек, қауіп қатер төнген жағдайда ол осы батырманы басу арқылы көмек шақыра алады.

«Алайда мемлекеттің араласуынсыз мәселенің шешілуі қиын. Үкімет халыққа жақын болып, оның мәселелерін шешуде белсенділік танытуы қажет. Қазіргі таңда профилактикалық шаралар керек екенін түсіну қажет», - деді ол.

Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу

Ақпараттың көптігі, гаджеттердің де артуы, сонымен қатар ата-ананың беқамдығы интернеттегі буллинг пен кибербуллингтің арта беруіне әкеледі. Ендеше, Кибербуллингтің қалай алдын аламыз? Бұған қатысты «Expo&Women» Халықаралық ұйымының басқарма төрағасы Ләзат Асқарова ата-аналарды әлеуметтік желілерге балаларының суреттерін жүктемеуге, салмауға шақырды. Оның сөзінше, ата-ана балаларын жақсы көреді, әр қылығына тамсанып қарайды, сол себепті түрлі әлеуметтік желілерге жүктейді. Ал оны алаяқтар басқалай пайдаланып кетуі мүмкін.

«Ата-аналар арасында сауалнама жүргізілу керек. Көпшілігі балаларымен сөйлесу, қандай сұрақтар қою керегін біле бермейді. Сондықтан психологтың көмегі керек», - деді басқарма басшысы.

Ал Орталық Азия, ТМД және Балтық елдеріндегі Kaspersky Lab басқарушы директоры Евгений Питолин алдын алу үшін жаңа технологияны пайдалануға болатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға күш салу керегін атап өтті. Оның сөзінше, қазіргі таңда баланың не көріп отырғанын бақылауда ұстайтын арнайы технологиялар бар. Алайда оны бақылау үшін емес, жақсы насихат үшін пайдалану қажет.