• Басты
  • Британияда заманауи қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясы таныстырылды
26 Қыркүйек, 2019 09:29

Британияда заманауи қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясы таныстырылды

Британия кітапханасында (Лондон, Ұлыбритания) қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Британияда заманауи қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясы таныстырылды

Қазақ әдебиеті жинағының ағылшын тіліне аудармасы мен басылымын көркем аударма саласындағы тәжірибелі британиялық мамандардың қатысуымен Кэмбридж университетінің баспасы орындады. Антологияларға алғысөзді Британияның академиялық қоғамдастығының жарқын өкілдері жазды. Мысалы, заманауи қазақ прозасының антологиясына Британия кеңесінің бас директоры, сэр Киарен Девейн алғысөз арнаса, қазіргі қазақ поэзиясының жинағына алғысөз авторы – әдебиеттанушы-профессор Джейсон Хардинг.

 Қазақ прозасы мен поэзиясының Кэмбридж университеті баспасынан жарық көріп, әлемнің ірі кітапханасында таныстырылған ағылшын тіліндегі антологиялары Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия т.б. ағылшын тілінде сөйлейтін ондаған елдердің 8 мыңнан аса кітапханасына, университеттері мен ғылыми орталықтарына жеткізіледі.

  Таныстырылымға Британия кеңесінің, Кэмбридж университеті баспасы, Британия кітапханасының басшылары, сондай-ақ аудармашылар, әдеби редакторлар, сыншылар мен шолушылар қатысты. Қазақстан тарапынан шараға ҚР Президентінің көмекшісі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия хатшысы Аида Балаева, ҚР Ұлыбританиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек қатысты.

 Заманауи қазақ әдебиетінің үздік үлгілерінің БҰҰ 6 тіліне аудармасы «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында жүзеге асып отырғаны мәлім. Жоба, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыты болып табылады. «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет» жобасының міндеті – қазіргі заманғы Қазақстанның әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, хореография, кино және театр салаларындағы мәдени қазыналарын әлем жұртшылығына таныстыру.

«Біздің жобамыз 2017 жылы сәуір айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асуда. Оның өзегінде заманауи әлемде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның мәдени және интеллектуалдық потенциалымен өлшенеді деген ой жатыр. Бүгінгі тұсаукесер «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының аясындағы жұмыстың жемісі. Ол қазақстандық әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, театр және кино туындыларын әлемге таныстыруға бағытталған. Бүгінгі жобамыз жүйелі түрде жалғасын тауып, мәдениет аралық қарым қатынастардың ұлғаюына негіз болады деген сенімдемін. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 60 қазақстандық автордың таңдамалы шығармалары тұңғыш рет бірден әлемнің негізгі алты тіліне аударылып отыр. Жобаны жүзеге асыруға Ұлыбритания, Франция, Испания, Египет, Қытай және Ресейдің жетекші баспа ұйымдары атсалысты. Антологиялар әлемнің 90-нан аса еліне, бес құрлыққа тарайды. Яғни, бұрын-соңды дүниежүзі оқырмандарының қолына түспеген   қазақ әдебиетінің үздік үлгілерімен 2,6 млрд адам танысуға мүмкіндік алады. Қазіргі қазақ әдебиеті антологиясы мұндай ауқымда алғаш рет жарық көріп отыр. Жиналған тәжірибеміз мен серіктестеріміздің қолдауына сүйене отырып, біз осынау маңызды мәдени жобаны одан әрі жалғастырамыз.Кэмбридж университетінің баспасы және Британия кеңесіндегі достарымыздың арқасында мамандар басылымдарға жоғары бағасын беріп отыр. Еліміздің, авторларымыздың атынан әріптестерге шынайы алғысымды жеткізгім келеді», – деді», - деді Аида Балаева.

 

 

 

Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиетінің қос антологиясы аударылып, жарық көрді. Олар – «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы» және «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы». Әр антологияның көлемі – шамамен 500 беттей, әрқайсысына 30 қазақстандық автордың таңдамалы шығармасы енді.

 

Антологияларды ағылшын тіліне аударып, баспадан шығару бойынша стратегиялық серіктесіміз – Британия кеңесі. Олар жобаға сарапшылық қолдауын көрсетті. Ал, ең басты серіктес – Кэмбридж университетінің баспасы (Сambridge University Press) Ұлттық аударма бюросымен бірге жолма-жол аударманы әдеби өңдеу, баспаға дайындау, басып шығару, сондай-ақ басылымдарды ағылшынтілді елдерде тарату, жеткізу және насихаттау бойынша кешенді жұмыстарды атқарды.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды