• Басты
  • Бос жұмыс орындары жәрмекесі өтті
29 Мамыр, 2020 09:51

Бос жұмыс орындары жәрмекесі өтті

Пробация қызметінде есепте тұрған соттталғандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес,  жүйелі түрде, әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД.
Бос жұмыс орындары жәрмекесі өтті

Әлеуметтік – құқықтық көмектің  бірі- есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады. 

Жаңақорған ауданындағы «Халықты жұмыспен қамту » орталығында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандағы жұмыссыз жастарға, пробация есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік бейімделуі мен оңалуын ұйымдастырып, жұмыспен қамту үшін  «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.

Жәрмеңкеге пробация қызметінің  есебінде тұрған 7  азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты.  8 –ден астам жұмыс беруші мекемелерден  185   бос жұмыс орындары ұсынылды. Құрылыс мамандықтарына сұраныстар болды. Нәтижесінде, пробация қызметінің есебінде тұрған  екі   азамат  «Газремонтаж» ЖШС-не, бір  азамат квотамен «Азнабай» шаруа қожалығына  жолдама алды. Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқықбұзушылықтармен  қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады. 

Барлық жаңалықтар
100.24.125.162, 192.168.88.100