• Басты
  • "Bolashaq" қауымдастығы "Жастар және инновация" және "Bolashaq Books" жобаларын жүзеге асырады
21 Мамыр, 2020 18:12

"Bolashaq" қауымдастығы "Жастар және инновация" және "Bolashaq Books" жобаларын жүзеге асырады

"Bolashaq" қауымдастығы "Жастар және инновация" және  "Bolashaq Books" жобаларын жүзеге асырады. Бүгін бұл туралы "Bolashaq" қауымдастығының  атқарушы директоры Лаура Демесінова онлайн түрде өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Bolashaq" қауымдастығы "Жастар және инновация" және  "Bolashaq Books" жобаларын жүзеге асырады

"Bolashaq" қауымдастығының атқарушы директоры "Жастар және инновация" жобасының мақсат-міндеттеріне тоқталды.

"Біз жүзеге асыратын екі жобаға тоқталсам, оның біріншісі - жастардың инновациялық белсенділігін дамыту үшін қолға алынған  "Жастар және инновация" жобасы. Бұл жобаның негізгі мақсаты - жастардың өзін-өзі тануына жағдай жасау. Жобаны іске асыру барысында инновация саласындағы танымал тұлғалармен және де кәсіпкерлермен, YPO Kazakhstan мүшелерімен форум, шеберлік сағатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар белсенді қатысушылар үшін елдің жетекші компаниялары мен орталық мемлекеттік органдарында тағылымдамадан өту жоспарлануда", - деді Лаура Демесінова.


Сонымен қатар Лаура Демесінованың сөзіне сүйенсек, екінші "Bolashaq Books" жобасы жастардың кітап оқуға қызығушылығын оятып, ел арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында қолға алынып отыр.

"Ал екінші қолға алған жобамыздың аты "Bolashaq Books" деп аталады. Басты мақсатымыз - кітап оқуды халық арасында насихаттау. Яғни кітаптарды кез-келген адамға уақытша пайдалануға беру үшін қоғамдық кітап сөрелерін орнату арқылы кітап оқитын халықтың санын арттыру және  кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, ел азаматтарының білім деңгейін көтеру", - деді "Bolashaq" қауымдастығының  атқарушы директоры.


Лаура Демесінованың айтуынша,"Bolashaq Books" бірнеше жылдан бері іске асып келеді. Сонымен қатар ол бұл жобаларды "Bolashaq" қауымдастығы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырып жатқанын тілге тиек етті.

"Bolashaq Books" жобасы 2017 жылы іске қосылды. Биылғы жылдан бастап жоба өз ауқымын кеңейтуде, қоғамдық кітап сөрелері енді еліміздің әрбір өңірінде пайда болады. Жобаның аумақтық қамтылуы Қазақстанның барлық 17 өңірін құрайды.  Халық көп жиналатын жерлерде кемінде 20 кітап сөрелерін орнату жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру барысында құнды сыйлықтармен байқау өткізіледі.  Байқау ережелері туралы толық ақпарат Қауымдастықтың ресми ақпараттық ресурстарында қолжетімді болады", - деді ол. 


Ал баспасөз мәжілісіне қатысқан "Bolashaq" қауымдастығының жоба менеджері Жұлдыз Жүнісованың сөзінше, "Жастар және инновация" жобасы өз сауалына жауап таба алмай жүрген, идеясы бар, бірақ қалай жүзеге асыратынын білмей жүрген жастар үшін өте пайдалы болмақ.

"Bolashaq" Қауымдастығының қолға алған екі жобасы қоғамға, жастарға үлкен пайдасын тигізіп жатыр. "Жастар және инновация" жобасына тоқталсам, жастардың білім алуына қолайлы платформа жасап жатырмыз. Біздің ортамызда идеясы мықты, зерек жастар көп, алайда олар инвесторды қалу табу керек, жобасын қалай жүзеге асыру керек деген сауалдардың жауабын біле бермейді. Сол себепті біз осы жоба аясында екі күндік форум ұйымдастырмақпыз. Ол форумда инновация саласының мамандары тренинг, шеберлік сыныптарды өткізу арқылы жастарға білім береді, тәжірибелерімен бөліседі. Яғни қалай идеядан жобаға өтіп, инвесторларды қайдан табуға болатыны жөнінде ақпарат ала алады", - деді жоба менеджері.  


Оның сайтуынша, қазірдің өзінде жобаның әлеуметтік желісінде мамандардың қатысуымен түрлі тікелей эфирлер өткізіліп тұрады. Сонымен қатар ол жоба қатысушыларының мүмкіндіктері жөнінде айтты.

"Қазіргі таңда осы жобаның Инстарам парақшасында инновация саласының мамандарымен тікелей эфирлер жүргізілуде. Сол жерде де көптеген жас маман өз сұрағын қойып, жауап алып жатыр. Жобаға қатысатын жастар арнайы критерийлер бойынша іріктеуден өтеді. Кеін жоба аяқталған соң мемлекеттік органдарда, компанияларда тәжірибе алмасуға, тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады", - деді Жұлдыз Жүнісова. 


Бұдан бөлек іс-шараға қатысқан  ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет комитеттің қолға алған жобалары жөнінде айтты.

"Қазір министрлік азаматтық белсенділікті, оның ішінде жастардың, жастар ұйымдары арасында азаматтақ белсенділікті қолдауды қолға алып отыр. Бұл үшін біз арнайы азаматтарды қолдау орталығымен бірге гранттық жүйені іске асырып келе жатырмыз. Бұл бірнеше жылдан бері жүзеге асуда. Біздің комитет осындай жобалардың 10 шақтысын биыл іске асырады. Келесі жылдың жоспары дайындық үстінде. Бұған еліміздегі жастар ұйымдары қатысып, ой-пікірлерімен бөлісіп, идеяларын жүзеге асыра алады", - деді ол.


Сондай-ақ Мадяр Қожахмет өткен жылы 150-ден астам жас ғалымның грант ұтыр алғанын атап өтті.

"Инновациялық қолдау жүйесі министрлікте де, үкіметте де бар. Былтыр "Жастар жылында" 3 млрд теңге жас ғалымдардың грант беру үшін бөлінген болатын. Сонымен қатар инновациялық бағыт басты бағыттардың бірі болды. 2019 жылы 169 жас  ғалым өз жобаларын жүзеге асыруға грант ұтып алды. Инновациялық жобаларды қаржылай қолдау бұдан әрі жалғасады", - деді комитет төрағасы.


Сонымен қоса ол биылдан бастап барлық мемелкеттік органдардағы жастар ұйымына қолдау көрсету шаралары қолға алынатынын тілге тиек етті.

"Сонымен қатар қазір мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жобаларды қолдауға байланысты кешенді жоспар әзірлеп жатырмыз. Бұл жоспарда тек Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ғана емес, басқа да мемелкеттік органдардағы жастарды, мәселен, денсаулық сақтау, мәдниет және спорт секілді министрліктердегі жастар ұйымдары жобаларына қаржылай қолдау көрсетуді қолға алмақпыз. Біздің министрлік елдегі жастар ұйымдарымен бірігіп жұмыс істеуге, жобаларды жүзеге асыруға дайын", - деді Мадияр Қожахмет.


Ал жиынға қатысқан "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның басқарма төрағасы Бәтимә Мукина болса, орталықтың жобалары көбінесе "Еріктілер жылы" аясында жүзеге асатынын айтты.

"Биыл біз өткен жылы ел президентінің бастамасымен 7 ұлттық жобаны жүзеге асырудамыз. Бұл жобалар "Еріктілер жылы" аясында қолға алынып отыр. 100-ге жуық әлеуметтік жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Қаржылай қолдау үшін 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Биылғы жобаның барлығы "Еріктілер жылы" аясында жүзеге аспақ. Мәселен, 7 мың еріктіні 7 түрлі бағытта дайындадық.  Сонымен қатар, қуылдық жерлердегі 14 мыңға жуық балаға түрлі курстар ұйымдастырылды. Оның қатарында ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі, құқықтық, цифрлы сауаттылық жөніндегі крустар бар", - деді Бәтимә Мукина.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды