- Басты
- Жаңалықтар
- «Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов биыл «Болашақ» бағдарламасымен оқу қалай жүзеге асатыны туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Құжат тапсыру уақыты мен кезеңдер
«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Спикердің хабарлауынша, стипендия тағайындау маусым, тамыз және қараша айларында жүргізіледі. Бағдарламаның өзіндік ерекшелігі -стипендиялар үш тағайындауға бөлінеді. Барлық оқуға түсушілерді толғандыратын конкурсқа арналған басты құжаттардың бірі бағдарлама бойынша оқуға бағдарл алуға болатын басым мамандықтар тізімі болып табылады. Өткен жылы стипендия тағайындау ережелеріне іріктеу процесіне және тиісінше «Болашақ» конкурсына өтініш беруге қатысты өзгерістер енгізілді.
«Енді мамандықтар, магистратура және докторантура бойынша оқуға түсушілердің барлығы тізімде көрсетілген шетелдік үздік жоғары оқу орындарына өз бетінше түсуге тиіс. Соның қорытындысы бойынша стипендия тағайындау үшін құжаттар тапсыруға болады», - деді ол.
Стипендиялар көрсеткіші
Айта кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған болатын.
1994-2004 жылдар аралығында 785 стипендия, 2005-2020 жылдары – 13371 стипендия бөлінді. 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1055 стипендия бөлінді. 2021 жылы ғалымдарға арналған тағылымдамалардың арнайы санаты бекітілді
«Болашақ» халықаралық стипендиясы магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады. Осы уақытқа дейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша 11133 маман даярланды.
Стипендиаттарды қоғам қайраткерлері, білім және ғылым саласындағы сарапшылар енген республикалық комиссия отырысында анықтап бекітеді.
Құжат тапсыру автоматтандырылды
Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың айтуынша, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу процестері толығымен автоматтандырылды. хабарлады. Құжат тапсыру 4 мамырдан басталады. Электрондық үкімет порталы арқылы тапсырады және құжаттарының талаптарға сәйкестігі расталған үміткерлер конкурстық іріктеуге жолдама алады.
«Бұдан кейін арнайы конкурстық іріктеуге жасақталған жеке кабинетіне кілт алады. Ол жерде әрбір үміткер жеке деректерін көрсетпей, жеке дара идентификациялық кодпен барлық конкурстық іріктеу кезеңдерінен өтеді. Байқаудағы іріктеу кезеңдерінің саны алтыдан үшке дейін қысқартылды. Іріктеу турлары кешенді тестілеу, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу және шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында құжаттарды қарау кезеңдерін қамтиды», - деді орталық басшысы.
Бірінші кезеңде кешенді тестілеу толығымен онлайн порталда өтеді. Онда мазмұндық тұрғыдан бұрынғыдай пәндік сұрақтар қойылмайды және вербалдық, сандық және психологиялық тұрақтылығын көрсететін дағдыларын айқындайтын үш бөлімнен тұрады. Тестілеу барысы аудио видеофиксацияланады және Анти читинг бағдарламасы орнатылады. Бұл үміткерлердің қандай да бір басқа ақпарат көзінен жауап іздегенін көруге мүмкіндік береді. Осы кезеңнен өткен үміткерлер тәуелсіз сараптама комиссиясының жеке сұхбатына шақырылады.
"Вирусология" мамандығына басымдық берілді
«Ол жерде де әрбір үміткер онлайн порталда жеке кабинетінде өзіне ыңғайлы күнді, уақытты таңдайды, сол күні сұхбатқа онлайн тіркеліп келеді, оның онлайн деректері, аты-жөні, оны сұхбаттайтын тәуелсіз сараптама комиссия мүшелеріне көрінбейді. Бұл мүдделер қақтығысының алдын алу үшін жасалады. Сонымен қатар қойылатын сұрақтар қатаң регламенттеледі. Іріктеуден өткен үміткерлер республикалық комиссия отырысының қарауына ұсынылады», - деді спикер.
Бұл ретте ол биыл тәуелсіз сараптама комиссия мүшелерін іріктеуге қойылатын талаптардың да күшейтілгенін атап өтті. Бұған дейін комиссия мүшелерінің құрамы кемінде үш адамнан тұрса, 2020 жылдан бастап комиссия құрамына кемінде бес адам кіреді. Жалпы, автоматтандыру жұмыстары жалғасады.
Биыл академиялық оқуға арналған 80 мамандықты және тағылымдамадан өтуге арналған 137 мамандыққа басымдылық беріліп отыр. «Вирусология», «Робототехника», креативті экономика саласындағы мамандықтар басты назарда. Сондай-ақ биотехнологтарға, биологтарға, сондай-ақ вакцинология саласындағы мамандарға көп көңіл бөлінуде.
Мамандықтардың 7 блогының ішінен «Инновациялар және жаңа технологиялар» бөлімін ерекше атап өткім келеді. Бұл блокта экономикадағы жаңа салаларды құруға және қолданыстағы салалардағы елеулі прогреске ықпал ететін инновациялық мамандықтарды дайындау бойынша барлық бағыттар біріктірілген», - деді білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов
Қазақстандықтар оқуға түсе алатын ұйымдардың тізімі айтарлықтай жаңартылды. Биыл тізімге 3 халықаралық академиялық рейтингке кіретін және QS, Times Higher Education (THE), Academic Rankings of World Universities (ARWU) екі және одан артық халықаралық академиялық рейтингтердің алғашқы 250 позициясындағы 27 елдің 207 жоғары оқу орны енді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

