• Басты
  • Бизнесті қолдау үшін жаңа салықтық шаралар жүзеге асырылады
31 Наурыз, 2020 10:00

Бизнесті қолдау үшін жаңа салықтық шаралар жүзеге асырылады

ҚР Қаржы министрлігі 2020 жылдың 20 наурызынан 31 желтоқсанына дейін  бизнесті қолдау үшін жаңа салықтық шараларды жүзеге асырды, деп хабарлады Strategy2050.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Бизнесті қолдау үшін жаңа салықтық шаралар жүзеге асырылады

Қаржы министрлігі 2020 жылдың 20 наурызынан 31 желтоқсанына дейінгі аралықта «0» түзету коэффициенті келесі салық мөлшерлемелеріне қатысты қолданылатынын хабарлайды:

  • ауданы 2000 шаршы метрден кем емес ірі сауда нысандарының, сауда және ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорттық-сауықтыру кешендерінің иелері – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін мүлік салығы;

  • ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы;

  • Жалпы белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің жеке табыс салығы (БСК 101202).

2020 жылғы 27 наурыздан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде келесі салық мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті қолданылады:

  • Туризм, тамақтану және қонақ үй қызметтері саласындағы заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы;

  • Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына бензин мен дизель отынының экспортына акциздер (авиациялық жанармайды қоспағанда).

2020 жылдың 27 наурызы мен 1 маусымы аралығында микро, шағын және орта бизнес үшін келесі жеңілдіктер қарастырылған:

  • салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі кейінге шегерілді;

  • уақытында орындалмаған салық міндеттемесі және салық, кедендік және әлеуметтік төлемдер бойынша мәжбүрлемелі өндіріп алу шараларын тоқтатылды (жоғары тәуекел санатына кіретін салық төлеушілердің 2% қоспағанда. Компанияңыздың санатын тексеріңіз);

  • төтенше жағдай кезінде орындау мерзімі келген камералық бақылау туралы хабарламаны орындау мерзімі ұзартылды:

  • мемлекеттік кірістер органдарының төтенше жағдай жариялау кезеңінде жүргізген тексерулерінің өткізу мерзімі тоқтатылды;

27 наурыздан 1 қазанға дейінгі мерзімге:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген тізімге кіретін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату мен импортына ҚҚС мөлшерлемесі 8% дейін төмендетілді.

Экономиканы қолдаудың жаңа шараларын еліміздің Үкіметі ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша төтенше жағдайдың кері әсерін төмендеті үшін жүзеге асырылуда.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды