• Басты
  • Бизнес өкілдерінің проблемасын жақсы білеміз - ҚР Ұлттық экономика министрі
29 Шілде, 2020 16:00

Бизнес өкілдерінің проблемасын жақсы білеміз - ҚР Ұлттық экономика министрі

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов шағын және орта бизнес өкілдеріне жеңілдетілген кредит беру, салық төлеуге рақымшылық жасау сияқты шаралар туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Бизнес өкілдерінің проблемасын жақсы білеміз - ҚР Ұлттық экономика министрі

Министрдің айтуынша, биыл бизнес өкілдеріне несие беру 1 триллион теңгеге өсті. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 400 миллиард теңге бөлінсе, Ұлттық банк 600 миллиард теңге береді.

Несиелер мен кепілдіктерге қол жеткізу мәселелерін шешу бизнестің дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасына «шағын және микробизнесті шағын несиелеу» жаңа бағыты енгізілді. Бүгінде мұндай несиелер бойынша мөлшерлемелер жоғары. Ал жаңа бағыт 6% мөлшерлемесі бойынша несие алуға мүмкіндік береді, - деді Руслан Дәленов.

Бизнесті қаржыландыру банктер мен микроқаржы ұйымдарына тапсырылыпты. Несиелер айналым қаражатын толықтыруға 5 млн. теңгеге дейін және өндірістік қажеттіліктерге 20 млн. теңгеге дейін беріледі.

Айтпақшы, қарыздың көп бөлігін, дәлірек, 85% - ын «Даму» Қоры қамтамасыз ететін болыпты. Бас экономист Қазақстандағы кәсіпкерлердің негізгі проблемалымен жақсы таныспыз дейді.

Бизнес өкілдеріне жеңілдік демекші, министр 2020 жылдың 1 маусымына дейін ШОБ субъектілері барлық салық пен әлеуметтік төлемдерді төлемейтінін айтты. Яғни бұл төлемдерді төлеу кейінге қалдырылды. Жыл соңына дейін экономиканың ең осал секторларындағы мүлікке салынатын салық мөлшерлемесі жойылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін жер салығының мөлшерлемесі нөлге дейін төмендетілген.

Министрлік сонымен қатар қосымша шаралар сатып алуды, қазақстандық қамтуды, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін, кредиттерді қайта қаржыландыру бойынша мүмкіндіктерді, тауарларды экспортқа шығаруды және рәсімдерді оңтайландыруға әрекет етіп жатыр. Жалпы, шаралар кәсіпкерліктің түйткілді мәселелерін шешуге бағытталған.

Ұлттық экономика министрлігі тек шағын және орта бизнеске көмектесу емес, сонымен қатар экономиканың басқа да бағыттары бойынша жұмыс істеді.

Мәселен, отандық азық-түлікпен импорт алмастыру мақсатында Қазақстанда ет комбинаттарын, құс фабрикаларын, сүт зауыттарын, қант және балық зауыттарын құруды жоспарлап отыр. Сонымен бірге қарқынды алма бақтарын дамыту бойынша 44 жоба дайындап, оны іске асырып жатыр.

Дәленов айтқандай, салықтық ынталандырулармен қатар несиелендіруді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, ішкі өндірісті, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамтуды сақтау бойынша шаралар қарастырылған.

Өнеркәсіпті дамыту қорын құру, оффтейк-келісімшарттар жасау, жоғары бөліністі өнімдерді экспорттау кезінде көлік шығындарының 80-на дейін өтеу жоспарлануда. Бұл ретте өңдеуші кәсіпорындар қор арқылы 3%-дан аспайтын мөлшерлемемен несие ала алады. Лизингтік қаржыландыру арқылы жоғары технологиялық құю зауытын, жүк автомобильдерінің жетекші көпірлерінің басты берілістерінің редукторларын өндіру зауытын және автомобиль шиналарын өндіру зауытын салу сияқты жобалар іске асырылады, - деді ол.

Министр брифингте «Егіс даласынан сөреге дейін» деп аталатын жобасы жайлы айтты. Жобаның пилоттық нұсқасы Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында іске асырылады. Бұдан өзге жеңілдетілген несие туралы «5-10-20», «Жұмыспен қамту жол картасы», «Еңбек» сияқты жобалар да бар екен. Жалпы, жыл басынан бері осы төрт бағдарламаға 864 млрд теңге бөлінген. Тағы да 660 млрд теңгелік 3259 жоба қаралу үстінде.

Тағы да салық төлеу мәселесіне тоқталған Дәленов, қосымша құн салығын төлеуге қатысты мәлімдеме жасады. Мысалы, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында импорт кезінде есепке алу әдісімен ҚҚС төлеу мүмкіндігі берілді, бұл нақты босатуды білдіреді.

2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС мөлшерлемесі 12% - дан 8% - ға дейін төмендетілді. Экономиканың ең көп зардап шеккен 29 секторында 2020 жылдың 1 қазанына дейін еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша нөлдік ставкалар белгіленді. Бұл жеке табыс салығы мен қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар,- деп түсіндірді бас экономист.

Жеке тұлғалар үшін де айыппұл төлемеу, салық төлемін кейінге шегеру сияқты рақымшылық жасалып жатқанын министр айта кетті.

Егер сіз қарыздың негізгі сомасын 31 желтоқсанға дейін төлесеңіз, айыппұл салынбайды. Екінші және үшінші тоқсандар үшін КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының үштен бірі өңдеуші сектор кәсіпорындары үшін келесі жылға ауыстырылды. Бұл оларға айналым қаражатын толықтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ҚҚС-ты жеңілдетілген қайтару мөлшері 70% - дан 80% - ға дейін ұлғайтылды. Салықтық ынталандыру әуежайларға, әуе кемелерінің қосалқы бөлшектерін импорттауға және резидент емес авиакомпаниялардың қызметтеріне де әсер етеді, - деп нақтылады министр.

Министр індет кезіндегі дағдарыс жағдайына қарамастан, Қазақстанда тауарлар өндірісі 4,1%-ға өскенін мәлімдеді. Өнеркәсіптің нақты қай салаларында қандай мөлшерде өскенін де нақтылады.

«Өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіштердің өсуіне автомобиль жасау (46%), фармацевтика (24%), дайын металл бұйымдарын өндіру (20%), жеңіл өнеркәсіп (8%), резеңке және пластмасса бұйымдарын (8%) және қағаз өндіру (15%) есебінен қол жеткізілді», - деп түйіндеді Дәленов.

   Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар