- Басты
- #BizBirgemiz: Волонтерлар карантиндегі тұрғындарға азық-түлік апарды
#BizBirgemiz: Волонтерлар карантиндегі тұрғындарға азық-түлік апарды
20 Наурыз, 2020 11:41
«Nur Otan» және «Jas Otan» волонтерлары мен еріктілерінен құралған ықшам топтар карантин жарияланған елордадағы және Алматы қаласындағы жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға бірінші кезекте қажетті тауарларды, оның ішінде медициналық маскалар мен антисептикалық құралдарды байланыссыз тарату жолымен үлестіреді, деп хабарлады Strategy2050.kz АА.

«Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек жалғызбасты қариялар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
«Кеше партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында «Nur Otan» карантин жарияланған елордадағы және Алматы қаласындағы жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн. теңге бағыттады», - деді Б.Байбек.
Сонымен қатар, ол Елбасы бастамасымен қолға алынған осы қайырымдылық акциясының ауқымын кеңейтіп, оны еліміздің қалған ірі қалаларында және елорда мен Алматы маңындағы іргелес елді мекендерде де өткізу туралы шешім қабылданғанын айтты.
⠀
««Nur Otan» партиясының өңірлік филиалдарына әкімдіктермен бірлесіп медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алуды ұйымдастыру жөнінде тиісті тапсырма берілді. Бұл заттар партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлары арқылы тұрғындардың мұқтаж әлеуметтік осал топтарына байланыссыз тарату жолымен үлестіреді», - деді ол.
⠀
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Карантин кезінде қазақстандық туристерге қойылатын талап күшейді ме
-
Карантиндегі бизнес: Қазақстандық кәсіпкерлер тәжірибесімен бөлісті
-
Волонтерлар Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хат алды
-
Түркістан: Мақтааралда тұрғындарға 100 мың теңгелік өтемақы берілді
-
Қазақстанда волонтерларды қолдау орталықтары ашылды
-
Карантиндегі 60 күн: Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында деректі фильм көрсетіледі
-
Волонтерлар ардагерлерге көмек көрсетуде
-
ИНФОГРАФИКА: Карантиндегі талаптар
-
Д.Абаев: Карантин талаптарын орындамаған тұрғындарға айыппұл салынып, қамауға алынуы мүмкін
-
Елордалық волонтерлар маскалар мен антисептиктер тарата бастады
-
Волонтерлар қатары жыл санап артып келеді – пікірлер
-
Алматы облысында волонтерлар форумы өтті
-
ҚР Президенті Қазақстанның АҚШ-тағы елшісімен келесі жылдың басында жасалатын сапарды талқылады
-
Жамбыл облысында жер учаскелерін тұрғындарға беруге дайындауда
-
Астананың урбанистика орталығы тұрғындарға жаяу серуендеу ұйымдастырды

