• Басты
  • Біз сындарлы диалог арқылы жаңа саяси – мәдениеттің негізін қалыптастырып жатырмыз – Қ.Тоқаев
20 Желтоқсан, 2019 12:47

Біз сындарлы диалог арқылы жаңа саяси – мәдениеттің негізін қалыптастырып жатырмыз – Қ.Тоқаев

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында,ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңестің екінші отырысына дейін бірқатар маңызды мәселелер атқарылғанын атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Біз сындарлы диалог арқылы жаңа  саяси – мәдениеттің негізін қалыптастырып жатырмыз – Қ.Тоқаев

«Сіздердің көпшілігіңізбен жеке-дара кездестім. Ұсыныстарыңызды, бастамаларыңызды мұқият қарастырып, бірқатар мәселелер бойынша пікір алмастым. Ұлттық кеңес мүшелерімен бірқатар маңызды мәселелерді таплқылап, пікір алмастық. Осы орайда түйіткілдер ортақ ұстанымдар іріктелді. Бұл демократияны нығайтуға, қоғамның билікке деген сенімін арттыруға үлкен жұсмыс деп санаймын. Біздің тәжірибеміз халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары бағаланды. Көпшілік оны сындарлы диалогтың үлгісі ретінде қабылдады. Ең бастысы Ұлттық кеңес құрамы сенімді ақтай алатынын дәлелдеді.Біз сындарлы диалог арқылы жаңа саяси – мәдениеттің негізін қалыптастырып жатырмыз. Соның арқасында сан- алуан тілектер мен көзқарастар кеңес құрамына жауапкершілік сынлды құндылықтарды қалыптастырады», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Қ.Тоқаев балама көзқарастардан қорықпауды еңсеру жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«Қазіргі кезеңде осы келіспеушілік диструктивті екеніне көзім жетіп отыр. Ұлттық кеңестің отырысында барлық ұсыныстар мен бастамалар жұмысқа алынды. Барлық тетіктер мен механизмдер жұмысқа алынды, жалғасын табатын болады. Өте өзекті мәселелер аясында ортақ көзқарасқа келдік. Осындай шешімдер аясында реформалардың бірінші топтамасын дайындадыұ. Ол бүгін осы Ұлттық кеңестің екінші отырысында ұсынылатын болады. Осындай пікірталастар арқылы оңтайлы шешімдерге келеміз деген ойдамын. Ең бастысы елдің мүддесін қорғау мәселесі. Сонымен қатар, ең басты мәселелердің бірі - ұзақмерзімді тиімді мәселелерді шешу», - деді Қ.Тоқаев.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды