• Басты
  • Біз ел басына күн туғанда атқа қонған қайсар халықтың ұрпағымыз- М.Әшімбаев
9 Сәуір, 2020 16:06

Біз ел басына күн туғанда атқа қонған қайсар халықтың ұрпағымыз- М.Әшімбаев

Біз ел басына күн туғанда атқа қонған қайсар халықтың ұрпағымыз. Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігінің бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің facebook-тегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Біз ел басына күн туғанда атқа қонған қайсар халықтың ұрпағымыз- М.Әшімбаев

«Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес қазір еліміздің барлық өңірінде аумақтық әскерлер жасақталып жатыр. Сарбаздардың алды міндеттеріне кірісіп те кетті. Олар коронавирус індетімен күрес жұмыстарына жұмылдырылуда.Осы ретте қиын-қыстау шақта сапқа тұрғандардың басым бөлігі өз еріктерімен сұранып келген азаматтар екенін ерекше атап өткім келеді. Тіпті кейбір өңірлерде шақырылғандардың саны болжанған шектен асып кеткен. Елге қызмет етуге ниет білдірген жастар жергілікті жерлердегі әскери комиссариаттарға әлі де келіп жатыр», - деді М.Әшімбаев.

Ол айтып өткендей, күрделі кезеңде көпке үлгі көрсеткен ерікті сарбаздардың ішінде белгілі спортшылар мен өнер жұлдыздары да аз емес.

 «Қол күресінен халықаралық сайыстарда ел намысын абыроймен қорғай білген Тимур Сыпатаев та ел үшін еңбек етуге даяр екенін білдірді.Сондай-ақ, запастағы офицерлер де қандай жұмыс болса да дайын екенін айтып, қатарға қосылуда. Елордада ағайынды төрт бірдей жігіттің өз еріктерімен арнаулы жиынға келіп, әскерге алынғанын осы әлеуметтік желі арқылы біліп жатырмыз. Мұның бәрі нағыз елдік пен бірліктің жарқын көрінісі екені сөзсіз.

Шын мәнінде, біз ел басына күн туғанда атқа қонған қайсар халықтың ұрпағымыз. Жастарымыз қазіргідей сын сағатта жұдырықтай жұмылу арқылы соны айқын дәлелдеп берді. Әр азаматымыз осылай жауапкершілікті сезініп, Отан үшін ұйыса білсе кез келген сынақтан сүрінбей өтеміз», - деді ол.

   Сонымен қатар, М.Әшімбаев ырыс-ынтымақтың арқасында бұған дейін де талай дүрбелеңнен аман қалғанымызды жеткізді.

«Оған тарих куә. Бұл жолы да дәл солай береке-бірлік танытып, індетті бірге еңсеретінімізге сенеміз», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар
34.200.252.156, 192.168.88.100