• Басты
  • Біз біргеміз: Мақтааралға көмек ретінде 20 тонна азық-түлік жеткізді
5 Мамыр, 2020 12:19

Біз біргеміз: Мақтааралға көмек ретінде 20 тонна азық-түлік жеткізді

Бұл игі іс "Nur Otan" партиясының "Біз біргеміз!" акциясы аясында атқарылды. Аталған қайырымдылық көшін қор мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің өзі бастап келіпті. 20 тонналық көмектің ішінде азық-түліктен бөлек, 18 түрлі жеке бас гигиенасына қажетті заттар мен балаларға арналған тәттілер де бар, деп хабарлады Strategy2050.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Біз біргеміз: Мақтааралға көмек ретінде 20 тонна азық-түлік жеткізді

«Осындай қиын жағдайды естіп, біліп отырып, әрекет жасамау азаматтығымызға сын деп есептеймін. Сондықтан "Nur Otan" партиясының "Біз біргеміз!" акциясы аясында осы көмекті жеткізуді жөн көрдік. Мақтаарал халқына Алла сабыр мен төзімділік берсін! Бұл қиындықты да қазақ халқы ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында еңсеретініне сенімдімін. Бүгінгі көмекке өз үлестерін қосқан барша қайырымды жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз», - деді Қайрат Құдайберген.

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорынан келген 20 тонна жүк түгелімен Атакент кентінде орналасқан арнайы қоймаға түсірілді. Қордың Мақтаарал ауданына деген көмегі мұнымен шектеліп қалған жоқ. Қайрат Құдайберген қор атынан «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 200 млн теңге аударылғанын да қуана жеткізді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды