• Басты
  • Биыл жастарды қаржыландыру 40 есеге өсті – Д.Абаев
4 Қараша, 2019 12:55

Биыл жастарды қаржыландыру 40 есеге өсті – Д.Абаев


Биыл жастарды қаржыландыру 40 есеге өсті.Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкіметтік сағатта Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді,деп хабарлады Strategy2050.kz.
Биыл жастарды қаржыландыру 40 есеге өсті – Д.Абаев

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жастарды мемлекеттік   қолдау шараларын шартты түрде екіге бөлуге болатынын айтты.

«Дәстүрлі бағыттар бойынша іске асырылатын дәстүрлі салалар, жылдан жылға келе жатыр. Екіншісі, жастар жылына орайластырған жаңа бастамаларды қамтитын арнайы шаралар. Жалпы шаралар мен 2 млн-нан астам оқитын және жұмыс істейтін жастар қамтылған. Шараға білім беру, білім алу үшін гранттар, стипендиялар, тегін жатақханалар кіреді. Арнайы шаралармен 722 мың адам немесе елдегі әрбір 5-ші жас қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда жастарды қаржыландыру көлемі 40 есеге өсті. Бұл көрсеткіш алғаш рет ЖІӨ-нің жарты пайызына жетті», - деді Д.Абаев.

Сондай-ақ, министр Жастар жылы аясында мемлекеттік қолдау шараларын жүйелендіру мақсатында Үкімет Жол картасын қабылдағанын айтты.

«Құжатта 89 тармақ бар. Оның әрбірі жастар үшін аса маңызды мәселелерді қарастырады. Бұл білім беру, баспанамен қамту, жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау мен әлеуметтік белсенділікті арттыру. Бүгінде 79 тармақтың 13-і толық орындалды. Бұл нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Мәселен, «Зере» жазғы жастар лагері. Ол жас көшбасшыларға шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізуге бағытталды. Қалған 76 тармақ жүзеге асырылып жатыр. «Жас кәсіпкер» жобасы 3 жылға жоспарланған. Ол 2021 жылы ғана аяқталады», - деді ол.

Сонымен қатар, Д.Абаев бірқатар жобалар бойынша олқылықтар туындап отырғанын айтты.

«Оның себебі орталықтағы және жергілікті жердегі мемлекеттік органдардың келіспей жұмыс істеуі. Жеке байқауларға жеткізушелердің қатысу қызығушылықтарының аздығы. 16 тармақ бойынша Еңбек министрлігінің «Өзіңді тап» жобасы жүзеге асырылуы керек еді. Ол жас қазақстандықтардың кәсіби бейімделуіне бағытталған болатын. Бірінші байқау өткізілмеді деп тіркелді. Екінші байқау өткізіліп жатыр. Өзге тармақ бойынша жас жазушыларды қолдау үшін Мәдениет және спорт министрлігі Әдебиет орталығын ашуды қарастырған. Қазіргі таңда бірыңғай ұстаным мен әдіс жасақталып жатыр. Жалпы, барлық қауіпті жобалар бойынша реттеу жүргізіп жатырмыз. Барлығын соңына дейін жеткіземіз деп ойлаймын»,- деді Д.Абаев.

Сонымен қатар, министр 2019 жылы 3 мың пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге жалға берілетінін айтты.

«Жалдау ақысы 15 мың теңгеден аспайды. Тұрғын үй алаңы кемінде 40 шаршы метр. Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерге құжат қабылдау бүгін басталды. Алматы қаласында 200-ден астам өтінім түскенін айтуға болады. Алдағы үш жыл ішінде осындай 9 мың пәтер беріледі. Бұл жүзеге асырылып жатқан шараларға қарап жастарымыз баспана алу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы немесе Шымкентке жаппай көшу керек деп түсінбеуі керек. Сондықтан да мұндай пәтерлердің алу шартының бірі соңғы екі жылда сол қалада тұрақты тұруы керек. Жастарға жалға берілетін баспананы еліміздің басқа да өңірлерінде 2022 жылдан бастап салу мәселесін көтеруге болады. Жастар саясатының тиімділігінің негізгі параметрлерінің бірі - жастар жұмыссыздығы деңгейін төмендетуі. 2019 жылдың 2 тоқсанында жастар жұмыссыздығы деңгейі 3,7 пайызды немесе 81 адамды құрады. Жұмыспен қамтылған жастар арасында бұл 2 млн-нан астам адам, 218 мың өнеркәсіп нысандарында жұмыс істейді. Қалған 3 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар», - деді Д.Абаев.

Сонымен қатар, жастардың жұмыссыздығы мәселесімен күресу үшін «Жас кәсіпкер», «Жас маман» жобаларын қоса алғанда бірқатар бағдарламалық шаралар көзделген.

« «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 20 мың адамды оқытуға, 1,5 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаның шарты бойынша білім алушылардың кемінде 20 пайызы бизнес іске қосылуы тиіс. Бизнес жобаларды несиелеуге республикалық бюджеттен 3 жыл мерзімге 89 млрд теңге бөлінді. «Жас маман» жобасы 2100 жас қазақстандықты қамтыды. Жоба 100 сұранысқа ие мамандыққа 200 ЖОО негізінде оқытады. Бұл 20 ЖОО мен 180 колледж», - деді ол.

Оған қоса, Д.Абаев грантты қолдау азаматтық институттардың нығайту маңызды құралы болып қалатынын атап өтті.

«Биыл жастарға қолдау көрсетуге бағытталған 2,8 млрд теңгеге 56 гранттық жоба жүзеге асырылды. Әлеуметтік жобаларды тікелей орындаушылар 44 ҮЕҰ, олар бүкіл ел бойынша 1150 ҮЕҰ-ны жұмысқа тартты. Осылайша, біз үкіметтік емес ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын дамытуға, олардың азаматтық бастамаларын кеңейтуге ықпал етеміз», - деді Д.Абаев.

Сонымен қатар, министр бүгінгі таңда республикада 200-ден астам ерікті ұйым жұмыс істейтінін айтты.

«Еріктілер қозғалысы 50 мыңнан астам адамды қамтиды. Өздеріңіз білесіздер, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды "Волонтерлер жылы" деп жариялады. Шын мәнінде, бұл "Жастар жылының" жалғасы болады деп ойлаймын. Бұл мәселе әлі де талқыланатын болады. Нормативтік базаны, оның ішінде жұмыс тәжірибесіне волонтер ретінде қосу немесе университеттерге, колледждерге түсу кезінде еріктілердің белсенділігі ескерілу мәселесі бойынша жұмыс істеуді жетілдіреміз, - деді Дәурен Абаев.

Министрлік "Студенттік бастама" волонтерлік қозғалысын құру және жас волонтерлер базасын қалыптастыруды көздеп отыр екен.

«Студенттерді құрылыс отрядтарына тарту мәселесі пысықталды. Студенттер жазғы демалыс кезінде құрылыс жасақтарында жұмыс істей бастады. Ерікті қоғамдық пайдалы қызметке тартылған студенттердің үлесін арттыру бойынша "Әлеуметтік студенттік несие" жобасы іске қосылды. 2020 жылы басталатын жаңа оқу жылынан бастап балалар үйлерінде, арнайы мектептерде, қарттар үйлерінде және басқа да мекемелерде волонтерлік қызметпен айналысатын жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 30%"арттырылады деп жоспарланып отыр, - дейді министр.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Гүлшара Әбдіқалықова кімде-кім жастарға бағыт көрсетіп, жол көрсетіп отырмаса, ол өзінің болашағына балта шапты деген сөз екенін алға тартты.

«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында білім беру, жұмыспен қамту сапасын жақсарту, отбасы және бала институтын қолдау,Қазақстанды жаңғыртудың жаңа кезеңінде инклюзивтік қоғам құру жөніндегі міндеттерді жайдан-жай қойған жоқ. Бұл бастамалар жастар жылын өткізу бойынша Жол картасында өз көрінісін тапты. Жетістіктің бастауы оны қаржыландыруда болып отыр. Жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі артуда», - деді ол.

 

    Аягөз Құрмаш 

    Фото: ашық дереккөз



ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды