• Басты
  • Биылғы теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 265 оқиға тіркелді
26 Мамыр, 2020 12:10

Биылғы теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 265 оқиға тіркелді

2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 265 оқиғасы орын алды, оның ішінде 2 апат, 65 жағдай және 198 оқиға тіркелді, деп хабарлады Strategy2050.kz ИИДМ-ға сілтеме жасай отырып.
Биылғы теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 265 оқиға тіркелді

Көліктік бақылау органдары осы кезеңде өз қызметін теміржол көлігінде жүзеге асыратын 25 кәсіпорынға тексеру жүргізді, оның ішінде 1800 шақырымнан астам магистральдық, станциялық, кірме жолдарды және 409 бірлік жылжымалы құрамды тексерді.

Тексеру барысында теміржол көлігіндегі қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талаптарының 37 бұзушылық анықталды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін анықталған бұзушылықтар бойынша 50 бірлік жылжымалы құрамды, 6 теміржол және бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылды. 

Көліктік бақылау органдарымен 2020 жылдың І тоқсанында 105 млн. астам теңге айыппұл өндірілді. Аумақтық көліктік бақылау органдары биыл алғашқы үй айда 250 жолаушылар пойызын жолаушыларды тасымалдау ережесі талаптарына сәйкестігін тексеріп, 156 билетсіз жолаушы және 2125 кг рәсімделмеген жүк тасымалданғаны анықталды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды