• Басты
  • Биыл машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 661 млрд теңгені құрады – Р.Скляр
12 Қыркүйек, 2019 17:20

Биыл машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 661 млрд теңгені құрады – Р.Скляр

Форумды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырды. Биылғы форумның тақырыбы: "Машина жасау - Қазақстанды индустрияландырудың драйвері!".

Биыл машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 661 млрд теңгені құрады – Р.Скляр | Strategy2050.kz

 ҚР ИИДМ басшысы Роман Скляр Форумның бірінші жұмыс күнін салтанатты түрде аша отырып, құттықтау сөз сөйледі. Бүгінде машина жасау өнеркәсіптің технологиялық жағынан аса маңызды және неғұрлым күрделі салаларының бірі болып табылады, ал оны дамыту агроөнеркәсіптік, энергетикалық, металлургиялық, көліктік және экономиканың басқа да негізгі секторлары қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін ерекше атап өтті.

"Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдары машина жасау саласында 114 жоба жүзеге асырылды. Осы кезеңде біз жаңа өнім түрлерін өндіруге шыға алдық. Автоөнеркәсіп және темір жол машиналарын жасау нөлден бастап құрылды, ауыл шаруашылығы, электротехникалық, тау-кен және мұнай-газ машина жасау салалары айтарлықтай жаңартылды және күшейтілді. Осының барлығы мемлекеттің табысты өнеркәсіптік саясатының арқасында жасалды. Үкімет ҚҚС бойынша преференциялар, жеңілдікті кредит беру және лизинг бағдарламасын әзірлеу, өнім экспортын қолдау шаралары сияқты саланы ынталандыру бойынша шаралар қабылдады. Промкооперация бағдарламасы іске қосылды",-деді министр өз сөзінде.

Роман Склярдың айтуынша, соңғы жылдары машина жасау саласында тұрақты өсім байқалуда. 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі бірінші рет 1 трлн. теңге көрсеткішінен асты. 2019 жылы өсімнің жоғары қарқыны сақталды. Мәселен, жеті айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 661 млрд.теңгені құрады.

Сала құрылымындағы машина жасаудың кіші салалары арасында өсудің ең үлкен серпіні автомобиль жасаудан көрініс тапты. Бүгінгі күні Қазақстанда АКҚ-ң барлық санаттарының өндірісі жүргізілуде. Елімізде 167 автомобиль моделі, оның ішінде 39 жеңіл көліктің 22 әлемдік бренді бар.

Екі бесжылдық ішінде автомобиль жасау Қазақстанның машина жасау саласының драйверлерінің бірі болды. Ірі торапты құрастырудан (DKD) ұсақ торапты құрастыруға (CKD) көшу өтті. Мысалы, шанақтарды дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операциялар енгізілді. 2010 жылдан бастап өндіріс көлемі 8 есеге артты. Машина жасаудың жалпы көлеміндегі автоөнеркәсіп үлесі 2010 жылғы 4%-ға қарағанда 19,2%-ға жетті.

Сондай-ақ, машина жасаудың басқа секторларымен салыстырғанда өндірістің неғұрлым тұрақты динамикасымен және неғұрлым тереңдетілген оқшауланумен сипатталатын электротехникалық машина жасау секторын атап өткен жөн.

Қазақстанның темір жол, ауыл шаруашылығы, тау-кен және мұнай-газ машиналарын жасауда отандық кәсіпорындар электровоздар, локомотивтер, вагондар, тұтас тапталған доңғалақтар, тракторлар, комбайндар, ауыл шаруашылығы техникасын, мұнай сервистік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін әртүрлі жабдықтар шығарады.  Бұл салалар өндірісте роботталған дәнекерлеу кешендерін қолданумен сипатталады

Салаларды одан әрі дамыту мақсатында Жол картасында машина жасау кәсіпорындарын қолдаудың нақты шаралары және орындалуы қажет бірқатар міндеттер көзделген.

Қазақстан машина жасаушыларының VІІ форумы өтетін екі күн ішінде саны 1000-нан кем емес делегаттар, жетекші қазақстандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, орталық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, форумда мамандандырылған машина жасау көрмесі жұмыс істейтін болады

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды