• Басты
  • Биыл магистратура мен докторантураға тапсырушылар нені білуі тиіс

Биыл магистратура мен докторантураға тапсырушылар нені білуі тиіс

3 Тамыз, 2020 18:21

Биыл елдегі пандемияға байланысты бірқатар салада өзгерістер орын алғаны белгілі. Оның ішінде білім және ғылым саласы да бар. Мәселен, биылғы ҰБТ-да сәл өзгешелеу өткенін бәріміз білеміз. Енді оның қортындысы Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 15 тамызға дейін жарияланады. Енді осы орайда магистратура мен докторантураға тапсырушылар үшін де бірқатар жаңалық бар. Олар нені білуі тиіс? Бұл туралы Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан таныса аласыздар.

Бұған дейін бакалаврға құжат тапсырушылар үшін қабылдау уақыты 30 шілдеге ұзартылған еді. ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменітінің директоры Әділет Тойбаевтың сөзінше, қазіргі жоғары оқу орындарын виртуалды қабылдау комиссиялары жқмыс істеуде. Барлық сұрақты сонда жолдауға кеңес берді.

«Елдегі күшейтілген карантидік режимді ескере отырып, бакалаврға құжаттарды қабылдауды 30 шілдеге дейін ұзартылғанын білесіздер. Бүгінгі таңда барлық жоғары оқу орнының виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істеп жатыр. Егер бакалаврға түсуге қатысты сауалдарыңыз болса, виртуалды комиссияға сұрақтарыңызды жолдауға болады. Ол ЖОО сайтында орналасқан сілтеме арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан да табуға да болады. Сондай-ақ біздің министрліктің сайтында да осындай операторлар жұмыс істейді. Конкурс 10 тамызға дейін жалғасады. Ал нәтижесі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 15 тамызға жарияланатын болады. Сонымен қатар БАҚ-та да жарияланады», - деді департамент басшысы.


Сонымен бірге ол Қазақстандағы карантиннің созылуына байланысты магистратураға түсу үшін КТ тапсыру бұған дейін айтылғандай 3 тамыз күні емес, 17 тамызда басталады. Сонымен қатар оның сөзінше, докторантураға түсу үшін де құжаттарды қабылдау уақыты 10 тамызға дейін ұзартылған.

   

Кешенді тестілеу өткізудің өзгертілген ережелері қандай


«Биыл КТ жаңа электронды форматта өткізілетін болады. Әрбір магистратураға түсем деуші кешенді тестке қатысу үшін кешенді тестілеу пунктіне келіп, компьютер арқылы белгілі бір бағдарлама аясында тапсырады. Бұл Ұлттық тестілеу орталығының бағдарламасы. Елдегі карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты кешенді тестілеу мерзімін 17 тамыз бен 1 қыркүйек аралығына ауыстыру туралы шешім қабылдадық. 3 тамызда өтеді деген кешенді тестілеу 17 тамызға ауыстырылды. Тапсырушылардың жеке парақшасына жаңартылған ақпараттан жіберіледі. Оның күні де, орны да өзгеретінін ескеру қажет», - деді Әділет Тойбаев.


Биылғы кешенді тестілеу бірінші рет 18 өңірлік тестілеу орталығының базасында өтеді деп жоспарланып отыр. Әр тестіленушіге дербес компьютер дайындалды. Сонымен қатар әрбір компьютер бейнекамерамен қамтамасыз етілмек.

«Сол бейнекамералар арқылы кешенді тесттің жүргізілу барысы қадағаланады. Қайталап айтам, оқуға түсушілердің жеке кабинетіне кешенді тестілеу өтетін күні, уақыты, сонымен бірне орны көрсетілген хат жіберіледі. КТ-ның нәтижесі бойынша куәлік тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электронды түрде беріледі», - деді департамент директоры.

 

Тест сұрағының саны да, уақыты да өзгерген жоқ

 

«Тест сұрақтарына келетін болсақ, былтыр, алдыңғы жылы берілген жылғыдай 130 тест сұрағы беріледі. Сонымен қатар берілетін уақыт та өгермегенін айта кеткен жөн. Компьютерлік форматтың өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, тест тапсырушы басқа қатысушыларды күтпей-ақ өзінің тестін орындай береді. Бұған дейін бір тапсырушыларды үлкен аудиторияға жинап, барлығы жиналғанын күтіп, бастаған болсақ, қазір олай емес. Бәрі индивидуалды түрде іске асады», - деді Әділет Тойбаев.

«КТ барысында қатысушылар өздері сенімді болмаса, сауалдарды өткізіп жіберіп, келесісіне көшіп, кейін алдыңғы сауалдарға қайта орала алады. Осылайша жауап нұсқаларын тест уақыты біткенге дейін өзгертуге мүмкіндігі бар. Кешенді тестілеу біткеннен соң қатысушылар жауаптарды дұрыс жауаптар хаттамасымен салыстыра да алады. Сондай-ақ тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минуттың ішінде магистратураға тапсырушылар апелляцияға беруге мүмкіндіктері бар», - деп толықтырды ол.

 

Сонымен қатар айта кету керек, Білім және ғылым министрлігі өкілінің айтуынша, КТ қатысушылары да ҰБТ тапсырушы түлектер секілді санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес дезинфекцияның барлық кезеңінен өтеді. Сондай-ақ санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады. Бұдан бөлек әр қатысушыға жеке-жеке бетперде таратылады. Қатысушыларды кіргізіп, отырғызу барысында олардың арасында кем дегенде екі метр арақашықтық сақталуы тиіс. Оның сөзіне сүйенсек, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті аймақтық тестілеу орталықтарының әзірлігін тексерген.

Сондай-ақ еске салайық, комиссия тапсырушыларды тыйым салынған нәрселерді алып өтуге тырысқаны үшін, сонымен қатар басқа адам арқылы тест тапсыруға ұмтылғаны үшін КТ-ға жібермеуге құқы бар.

 

Мeмлекеттік грaнттар саны қанша

 

Биыл еліміздегі ЖОО-ның 13 300 түлегі еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауға бөлінетін мемлекет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімді тегін алуға мүмкіндігі бар.

 

«Магистратураға 13 300 грант бөлініп отыр. Биыл кешенді тестілеу тапсыруға 38 мыңнан астам адам ниет білдірді. 2019 жылмен салыстырғанда биыл 8 мыңға көп, яғни магистратураға түсуге тілек білдірушілер саны 30 579 адамды құрайды. Айта кетейін, биыл ең көп адам тапсырған мамандықтар қатарына IT саласы, шет тілдер және педагогикалық мамандықтар кіреді. Түлектердің көбісі осы мамандықтарға тапсырды», - деді өз сөзінде департамент директоры.

    

Докторантураға түсушілер білуі тиіс

 

Қазақстандағы карантиннің созылуына қатысты докторантураға құжат қабылдау 10 тамызға дейін іске асырылатын болады.

«Докторантураға түсу үшін 17-22 тамызда емтихан өтеді. Оны ЖОО өздері ұйымдастыратын болады. Ал қабылдау 28 тамызда бітеді. Доктарантураға биыл 1 815 грант бөлініп отыр. Емтихaндарды өткiзу кезiнде медицинaлық қызметкерлeрдiң жұмысы ұйымдaстырылады, oқуға түсушiлердi aудиторияларда отырғызу бaрысында әлеуметтiк қaшықтық қaмтамасыз етiледi, сондай-ақ қатаң маска режимi сақталатын болады», - деп түйіндеді департамент басшысы.

 

Еске салайық, бұған дейiн ағылшын тілiн білу IELTS халықаралық тестін дәстүрлi форматта тапсыру мүмкiн бoлмауына бaйланысты ҚР Бiлім және ғылым министрлігiнде ЖОО түлектерiне магистратура мен дoкторантурaға түсу үшiн Duolingo English Тest жәнe IELTS INDICATOR тaпсыруғa рұқсaт беретiн бұйрыққa қoл қoйылды.

Барлық жаңалықтар