• Басты
  • Биыл мүгедектігі бар 521 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
14 Қазан, 2019 16:37

Биыл мүгедектігі бар 521 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

Биылғы  9 айда мүгедектігі бар 521 мыңнан астам адам шамамен 235 млрд. теңге сомасында әлеуметтік төлемдер, техникалық көмекшіқұралдар мен арнайы әлеуметтік қызметтер алды.Қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар 690 мың адам тұрады, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы – 424 мың адам, зейнеткерлік жастағы – 177 мың адам, 18 жасқа дейінгі балалар – 89 мың адам.
Биыл  мүгедектігі бар 521 мыңнан астам адам  әлеуметтік төлем алды

2019 жылғы 9 айда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 198,1 млрд теңге бағытталды. Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша алушылар саны 521 мың 153 адамды құрады, жәрдемақының орташа мөлшері – 42 496 теңге. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа 265,3 млрд теңге қарастырылған.

 ҚР Еңбекмині Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Артем Әбілдиновтың айтуынша, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің маңызды басымдығы болып табылады.

«Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап мүгедек балаларды және 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгетектігі бар адамдарды күту бойынша мемлекеттік жәрдемақы көлемі артты. Оның мөлшері 41 578 теңгені құрайды. Бүгінгі күні жәрдемақының бірінші түрін 27 млрд.теңге сомасына 84,7 мың адам, екінші түрін – 4,3 млрд. теңге сомасына 13,5 мың адам алды», – деді Әбілдинов.

Жұмыс берушілер тарапынан әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылғанҚР азаматтарыеңбекке қабілетін жоғалтқан кездеда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төлемдер алатынынайта кету керек. 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша МӘСҚ-дан 84 мың 139 адам 10,2 млрд.теңге сомасында жәрдемақы алды.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында олар техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі. 2019 жылы бұл мақсаттарға 125 мың 530 мүгедектігі бар адам үшін 7,5 млрд теңге қаражат қарастырылған. Жыл басынан бері осы бағыт бойынша 4,8 млрд теңге игерілді.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің бір бағыты – жартылай стационар және үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. 2019 жылы осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге қаражат қарастырылған. Бүгінгі таңда мұндай қызметтер жалпы сомасы 688 млн. теңге көлемінде 4 мыңнан астам азаматқа көрсетілді.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасында 2025 жылға қарай Қазақстанда әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің интеграцияланған моделін құру көзделген.

Артем Әбілдиновтың айтуынша, бұл модель әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алуға бағытталған.

«Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардың әлеуметтік қызметкерлерінің қызметін үйлестіру тетігі әзірленеді, бұл мұқтаж азаматтарға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Әбілдинов.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта интеграцияланған модельді енгізу бойынша пилоттық жоба еліміздің 10 өңірінде (Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары) іске асырылып жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның екінші жексенбісі Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар күні болып белгіленген.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды