• Басты
  • Биыл Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті ашылады – А.Көлгінов
19 Қыркүйек, 2019 11:42

Биыл Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті ашылады – А.Көлгінов


ТМД-дағы алғашқы халықаралық туристік көрме ресми түрде есігін айқара ашты. Шараға Азия және Тынық мұхиты елдері өз мүмкіндіктері мен тың ұсыныстарын көпшілік назарына ұсынды. Ресми делегаттар көрме павильонын аралады. Көрмеге 32 елден 250 селлер келген. Олар тіл үйірер тағамнан бастап, Жапониядағы «фото-демалыс», Қытайдағы турларға дейінгі үздік өнімдер мен қызметтер жайында ақпаратқа қанықты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Биыл Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті ашылады – А.Көлгінов | Strategy2050.kz

Көрменің ресми ашылуында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысушыларды PATA travel forum-ның ашылуымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауға барған сапарында экономиканың маңызды саласы ретінде туризмге аса мән беру қажеттілігін атап өтті. Елордамыз шетелдік туристер табаны тиетін алғашқы жер Туризм саласы қарқынды дамып жатыр. Қаламыз өңірде және ел ішінде туристерді барынша тарту жұмыстарымен айналысады. 10 жыл ішінде туристер мен қонақ үйлердің саны екі есеге өсті. Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа терминалдың ашылуы жолаушылар ағынын 3,5 есеге арттырды», - деді А.Көлгінов.

Сонымен қатар, қала әкімі әуежайдың мүмкіндігі туралы айтып өтті.

«Біздің әуежай жылына 8 млн жолаушыны қабылдауға мүмкіндік береді. Биыл Нұр-Сұлтан қаласы Mastercard компаниясының 200 жаһандық туристік дестинациясының құрамына енді. Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Куала-Лумпур сынды ірі қалалардың халықаралық тәжірибесі игеріліп, «Nur-Sultan- NS» бренді жасақталды. Президенттің тапсырмасымен биыл елордада Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті ашылады. Біз саланы дамытудың үш негізгі бағытын анықтадық. Бірінші – оқиғалық туризмді дамыту. Мәселен, қалада Әлем чемпионаттары өтеді. Осы күндері Күресстен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Сондай-ақ, Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өткен болатын. Маусым айында Орталық Азияда тұңғыш рет Comic Con фестивалі өтті. Шараға 53 мың адам қатысты. Шілде айында дәстүрлі әрі ауқымды Ironman шарасы өтті», - деді әкім.

Сонымен қатар, қала әкімі екінші бағыт ретінде медициналық туризмді атады.

«Халықаралық сарапшылардың зерттеуі бойынша, Нұр-Сұлтанда медициналық туризмді дамытудың әлеуеті жоғары екенін көрсетті. JSI-ға аккредиттелген 7 ұйымның алтауы елордада орналасқан. Үшіншіден, Нұр-Сұлтан - Еуразиядағы үздік конгрестік көрме орталығы. Біз- Еуразиядағы халықаралық конференциялар мен қауымдастықтардың ең ірі   мүшесіміз. Халықаралық дәрежедегі шара тек қана шетелдік келушілер санын ұлғғайтып қана қоймай, қалалық экономиканың дамуына үлес қосады», - деді ол.

Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат шара виза бойынша жеңілдіктер ұйымдастыруға да мүмкіндік береді.

«Біз салалық туристік көрмені алғаш рет өткізіп жатырмыз. Әйтсе де, еліміз 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымдарының саммитінен және жетінші қысқы Азия ойындарына және 2017 жылғы бүкіләлемдік ЭКСПО көрмесіне дейін ұйымдастырды. Қазақстанның жаһандық мәдениеті мен экономикалық интеграциясы – еліміздің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Қазақстан туристерді құшақ жая қарсы алады. Бүгінде әлемнің 63 мемлекетіне визасыз режим орнатылды. Ал Қытай мен Үндістан үшін визасыз траспорттық кіру мүмкіндігі бар», - деді мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат.

Айта кетейік,PATA Travel Mart 2019 көрмесінің екінші күні РАТА, Азия даму банкі, Plug and Play ұйымдастырған тақырыптық сессияға ұласты. Оларды «Малайзия туризмі», Бангладеш туризмі бойынша кеңес және «Эйр Астана» әуекомпаниясы ұйымдастырды. PATA Travel Mart 2019 ертең де жалғасады. 20 қыркүйекте Esentai Mall аумағында Қазақстандағы Tax Free салықсыз режимі енгізіледі.

95c1bf35-1723-4984-870f-1c897dc569c0.jpg

Сондай-ақ, PATA Travel Mart 2019 көрмесінде PATA Gold Awards 2019 марапаты ұсынылады. 18-20 қыркүйек аралығында «Көрме» орталығында ТМД-дағы алғашқы халықаралық туристік көрме өтіп жатыр. Азия-Тынық мұхиті елдерінің PATA Travel Mart 2019 көрмесін ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастыруда.

Айта кетейік, PATA (Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік ассоциациясы) бейкоммерциялық мүшелік ассоциация, ол Азия-Тынық мұхит аймақтарына және осы аймақтардан шығатын саяхат пен туризмді жауапты дамытудың жылдамдатқышы. 1951 жылы құрылған. Ассоциация 800-ден астам мүше ұйымды, соның ішінде 95 үкіметтік, мемлекеттік және қалалық туристік ұйымды, 20 халықаралық әуекомпания мен әуежайды, 102 қонақ күту ұйымын және 70 білім мекемесін, сондай-ақ жүзден астам жас адамды, дүние жүзі бойынша кәсіби туристік қатысушыны келісілген ақпараттық-насихат қызметпен, терең зерттемелермен және инновациялық іс-шаралармен қамтамасыз етеді.

Аягөз Құрмаш

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды