- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты
Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 397,6 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушылары болды. 288,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 166,3 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 14,2 мың адам жіберілді.
4,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 18,1 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 142,9 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 15,9 мың адам; жастар практикасына – 16,3 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 110,7 мың адам.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 133 отбасы немесе 3 750 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 610 адам еңбекке қабілетті жаста болып табылады. Оның ішінде 1 075 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 76 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 4 адам оқуға жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.
Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.
Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары

